Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы əкімдігінің 26.08.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі |
Е. Базарханов |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы 2016 жылғы 25 шілде |
С. Мұстафин |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілде № 165 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының меңгерушісі;
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
медициналық бике (мейіргер);
провизор (фармацевт)
психолог;
статист;
барлық мамандықтағы инженерлер;
зертханашы.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
жұмыспен қамту орталығы құрылымдық бөлімшесінің маманы;
арнайы әлеуметтік қызметтер қажеттілігін анықтау және бағалау
жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
қарттар және мүгедектерге күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
психологиялық-неврологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедек
балаларға күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорын: шағын жинақты мектеп, мектепке дейінгі білім беру
ұйымының, әдістемелік кабинет (орталық), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорын басшысының орынбасары;
мектепке дейiнгi, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің,
арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының
барлық мамандықтағы мұғалімдері, соның ішінде дефектолог мұғалім
(олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);
логопед мұғалім;
алғашқы әскери даярлықты ұйымдастырушысы-оқытушы;
техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының
өндірістік оқыту шебері;
тәрбиеші;
әдіскер;
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
музыкалық жетекші;
педагог-психолог;
әлеуметтік педагог;
зертханашы;
логопед;
психолог;
жетекші;
кітапхана меңгерушісі;
шеберхана меңгерушісі;
медициналық бике (мейіргер).
4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорынның басшысы;
Аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
кітапхана меңгерушісі;
клуб меңгерушісі;
әдіскер;
кітапханашы;
режиссер;
редактор;
сүйемелдеуші;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф;
музыкалық жетекші;
5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорынның басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорын басшысының орынбасары;
аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
нұсқаушы;
әдіскер;
жаттықтырушы.