1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында шектеу енгізе отырып ветеринариялық режимді белгілеу туралы" Комсомольский ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3673 тіркелген, "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2016 жылғы 5 сәуірде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 11 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ауылдық округтің әкімі | Т. Байдалин |