1. Шал ақын ауданының әкімімен мәлімделген қажеттіліктерді ескере отыра, 2016 жылы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
1) өтініш беру уақытында жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) өтініш беру уақытында тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылады.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХLVI сессиясының төрағасы |
К. Сақтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Н. Дятлов |