Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 325 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 болып тіркелген, 2015 жылы 5 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
барлық мәтін бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациямен" деген сөздермен өзгертілсін;
2) 2-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. "Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), облыстың жергілікті атқарушы органы – "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).";
барлық мәтін бойынша және қосымшаларда "ХҚО" деген сөз "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациямен" деген сөздермен өзгертілсін;
3) 3-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
барлық мәтін бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациямен" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |