Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 06-17/162 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "8" қарашадағы № 252 қаулысына қосымша |
Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймағы белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі
Укекіреге (қызғылт) карантин
№ | Облыстық маңызы бар қала, аудандар атауы | Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер атауы | Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың, өсімдіктердің атаулары, жер санаттары |
Залалданған алаң, га |
1 | Махамбет | Бейбарыс | Мемлекеттік қорындағы жерлер (ауылдық округ) | 300 |
Ақжайық | Мемлекеттік қорындағы жерлер (ауылдық округ) (жайылымдар) | 200 | ||
"Дастан" шаруа қожалығы (көкөніс дақылдардың егістері) | 100 | |||
Жиынтығы | 600 | |||
2 | Жылыой | Ақкиізтоғай | "Жаңа-Тан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 400 |
Жиынтығы | 400 | |||
3 | Индер | Бөдене | "Медет" шаруа қожалығы | 150 |
Жиынтығы | 150 | |||
Барлығы облыс бойынша | 1150 |
Шөптесін өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін арамсояуларға карантин
№ | Облыстық маңызы бар қала, аудандар атауы | Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер атауы | Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың, өсімдіктердің атаулары, жер санаттары |
Залалданған алаң, га |
1 | Махамбет | Жалғансай | Мемлекеттік қорындағы жерлер (ауылдық округ) | 100 |
Жиынтығы | 100 | |||
2 | Жылыой | Құлсары қ. | Қалалық әкімдік | 13 |
Жиынтығы | 13 | |||
3 | Атырау қ. | Атырау қалалық әкімдік (карағаш) | 1 | |
Атырау облыстық әкімдік (карағаш) | 2 | |||
Әуежай қоршамы (декоративтік бұталар) | 2 | |||
Студенттік даңғылы Кіші өнер академиясы (декоративтік ағаштар, карағаш) | 1 | |||
Жиынтығы | 6 | |||
Барлығы облыс бойынша | 119 |
Қауын шыбынға карантин
№ | Облыстық маңызы бар қала, аудандар атауы | Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер атауы | Ұйымдардың, шаруа (фермерлік) қожалықтардың, өсімдіктердің атаулары, жер санаттары |
Залалданған алаң, га |
1 | Атырау қ. | Еркінқала | "Ракуша" өндірістік кооперативі | 5 |
Барлығы облыс бойынша | 5 |