1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүліктер жекешелендірілсін.
2. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Дюсупова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүліктердің жекешелендірілуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмінің міндетін атқарушы | Ж. Ахметов |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "20" сәуірдегі № 165 қаулысына қосымша |