1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5-сессиясының төрағасы |
Н. Досқайыров |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |