Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 06.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 106 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 06.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.желтоқсандағы № 150-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2804 тіркелген, "Нарын таңы" газетінде 2013 жылы 26 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының:
1 тармағындағы "100 (жүз)" деген сандар "1500 (бір мың бес жүз)" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық әдеп жөніндегі тұрақты комиссияға (Ә. Төлебаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты таратылады.
Аудандық мәслихаттың кезекті ІV сессиясының төрағасы |
Ә. Төлебаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н. Мұханбеталиев |