Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалпы аумағы 1133,17 гектар және ұзындығы 13801,95 метр болатын Миялы ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (Б. Әжіғалиев) және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы А.Алтыбаев) жүктелсін.
3. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |
Сессия төрағасы | Н. Бижанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 242 қаулысымен және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № VIII-8 шешімімен бекітілді |
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының әкімшілік шекарасының жоспары
Қызылқоға ауданының әкімі_____________М. Мұқанов |
Қызылқоға ауданының мәслихат хатшысы_________Т. Бейсқали |