Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 127-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:1) 3-тармағында:
орыс тіліндегі мәтінінде "услуг" деген сөзінен кейін "и услуг связи" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-тармақтың 2) тармақшасында:
мемлекеттік тілдегі "тұрғын үйдің" деген сөздер "тұрғынжайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
3) 5-тармақтың 3) тармақшасында:
мемлекеттік тілдегі "тұрғын үй-жайды" деген сөздер "тұрғынжайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХVІ сессиясының төрағасы |
Ш. Жәлелов |
Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Жүгінісов |