"Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 24 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 ақпанда № 3569 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 "Мемлекеттік мекемелер туралы" қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      К. Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 1 ақпан 2016 жылғы
№ 24 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрлымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке-хан даңғылы, № 35, пошталық индексі 160000.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.
      15. Міндеттері:
      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      16. Функциялары:
      1) облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыр жолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) облыс әкімдігінің мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      5) облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
      14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сәйкес облыс әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      16) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      17) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      18) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      19) орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      20) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      21) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөлу жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;
      22) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      23) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      24) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.
      17. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарайды;
      4) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқаруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      7) сенім хат береді.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 февраля 2016 года № 24. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 9 февраля 2016 года № 3569. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 15 января 2016 года № 46/383-V "О схеме управления Южно-Казахстанской области", постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 18 января 2016 года № 12 "О государственных учреждениях", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно - Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Туякбаева С.
      Аким области Б. Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от 1 февраля 2016 года
№ 24

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере регулирования земельных отношений.
      2. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Аль-Фарабийский район, проспект Тауке-хана, № 35, почтовый индекс 160000.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области": регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования и охраны земель.
      15. Задачи:
      1) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;
      2) осуществление координации за деятельностью районных, городских (областного значения) исполнительных органов в части использования и охраны земельных ресурсов.
      16. Функции:
      1) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по предоставлению земельных участков для целей недропользования (для проведения работ по добыче; по совмещенной разведке и добыче; по строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей), строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, объектов переработки нефти и газа, объектов по использованию возобновляемых источников энергии, для индустриально-инновационных проектов субъектов индустриально-инновационной деятельности, реализации инвестиционных приоритетных проектов в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан, создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения, а также по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд при обнаружении и под разработку месторождений полезных ископаемых, для строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения;
      2) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по предоставлению земельных участков государственным научно-исследовательским организациям и их опытным хозяйствам, а также государственным семеноводческим хозяйствам и племенным заводам;
      3) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по предоставлению земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений;
      4) подготовка предложений по резервированию земель;
      5) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по установлению публичных сервитутов в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      6) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством, в пределах компетенции;
      7) определение делимости и неделимости земельных участков в пределах компетенции;
      8) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;
      9) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель области;
      10) организация проведения земельных торгов (конкурсов, аукционов) в пределах компетенции;
      11) проведение экспертизы проектов и схем областного, городского, районного значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;
      12) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования в пределах компетенции и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;
      13) составление баланса земель области на основании данных районов, городов областного значения;
      14) подготовка предложений по выдаче разрешений акиматом области на использование земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии со статьей 71 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      15) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;
      16) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по представлению на утверждение местному представительному органу области границ пригородных зон городов районного значения;
      17) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по предоставлению земельных участков под скотопрогонные трассы временного пользования межрайонного значения;
      18) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по регулированию земельных отношений в части предоставления земель, находящихся на территории одного района, города областного значения, в долгосрочное пользование другому району, городу областного значения;
      19) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по предоставлению и изъятию, в том числе для государственных нужд, земельных участков в случаях, предусмотренных статьей 90 Земельного кодекса Республики Казахстан, за исключением земель лесного фонда;
      20) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по представлению на согласование в центральный уполномоченный орган предложений по вопросам предоставления земельных участков сельскохозяйственного назначения иностранцам, лицам без гражданства и иностранным юридическим лицам;
      21) подготовка предложений и проектов постановлений акимата области по выделению земельных участков под строительство объектов по размещению отходов производства и потребления;
      22) утверждение земельно-кадастрового плана;
      23) предоставление информации в центральный уполномоченный орган о лицах, у которых принудительно изъяты земельные участки на основании вступившего в законную силу решения суда, в соответствии со статьями 92 и 93 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      24) подача заявления в уполномоченный орган в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество на установление и прекращение обременения на земельный участок в соответствии с частью третьей пункта 2 статьи 94 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      17. Права и обязанности:
      1) принимает решения в пределах возложенных на него задач и функций;
      2) в установленном законодательством порядке запрашивает и получает от государственных органов, организаций, физических и юридических лиц документы и иную информацию, необходимую для выполнения своих функции, а также представляет информацию другим государственным органам;
      3) рассматривает в пределах своей компетенции вопросы, поступающие от юридических и физических лиц;
      4) заключает договора с юридическими и физическими лицами, приобретает имущественные и личные неимущественные права, представляет свои интересы в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      5) взаимодействует с государственными органами, учреждениями и организациями для реализации задач, поставленных перед государственным учреждением "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области".

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области":
      1) представляет государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) организует работы государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области";
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области", применяет меры поощрения и налагает взыскания на них;
      4) определяет круг обязанностей работников государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области";
      5) издает в соответствии с действующим законодательством приказы, обязательные для работников государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области";
      6) осуществление иных функций, возложенных на него законодательством, настоящим Положением, акиматом и акимом области;
      7) выдает доверенности.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление земельных отношений Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.