"Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 23 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 ақпанда № 3570 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V шешіміне, "Мемлекеттік мекемелер туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Сатыбалды Д.
      Жылқышиев Б.
      Қаныбеков С.
      Садыр Е.
      Тұяқбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 1 ақпан 2016 жылғы
№ 23 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке-хан даңғылы, № 35 үй, пошталық индексі 160000.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге ықпал ету.
      15. Міндеттері:
      1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
      3) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау.
      16. Функциялары:
      1) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      3) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      4) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      5) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;
      6) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      межелiк белгiлердiң сақталуына;
      жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
      Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
      7) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      8) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
      9) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
      10) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге
      11) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
      12) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарау;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен, қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн-оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
      5) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсыну;
      6) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      7) сенім хат береді.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 февраля 2016 года № 23. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 9 февраля 2016 года № 3570. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 15 января 2016 года № 46/383-V "О схеме управления Южно-Казахстанской области", постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 18 января 2016 года № 12 "О государственных учреждениях" акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Туякбаева С.
      Аким области Б. Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от 1 февраля 2016 года № 23

ПОЛОЖЕНИЕ

о государственном учреждении "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере земельных отношений и государственного контроля за использованием и охраной земель.
      2. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Аль-Фарабийский район, проспект Тауке-хана, дом № 35, почтовый индекс 160000.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области":
      1) регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования и охраны земель;
      2) содействие развитию и совершенствованию государственной политики в сфере государственного контроля за использованием и охраной земель.
      15. Задачи:
      1) осуществление государственного контроля за использованием и охраной земель;
      2) своевременное принятие мер к нарушителям земельного законодательства Республики Казахстан;
      3) объективная подготовка материалов проводимых проверок.
      16. Функции:
      1) выдача обязательных для исполнения предписаний по устранению выявленных нарушений земельного законодательства;
      2) рассмотрение дел об административных правонарушениях в области земельного законодательства;
      3) подготовка и предъявление исков в суд по вопросам, указанным в подпункте 4) пункта 1 статьи 148 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      4) выявление и возврат в государственную собственность земель, не используемых либо используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;
      5) приостановление строительства, разработки месторождений полезных ископаемых, эксплуатации объектов, геологоразведочных и других работ, если они осуществляются с нарушением земельного законодательства, установленного режима использования земель, а также, если эти работы ведутся по проектам, не прошедшим экспертизу или получившим отрицательное заключение.
      6) организация и проведение государственного контроля за:
      соблюдением государственными органами, предприятиями, учреждениями, организациями и гражданами земельного законодательства Республики Казахстан, установленного режима использования земельных участков в соответствии с их целевым назначением;
      недопущением самовольного занятия земельных участков;
      соблюдением прав собственников земельных участков и землепользователей;
      своевременным и правильным проведением собственниками земельных участков и землепользователями комплекса организационно-хозяйственных, агротехнических, лесомелиоративных и гидротехнических противоэрозионных мероприятий по восстановлению и сохранению плодородия почв;
      своевременным предоставлением в государственные органы собственниками земельных участков и землепользователями сведений о наличии, состоянии и использовании земель;
      проектированием, размещением и строительством жилых и производственных объектов, оказывающих влияние на состояние земель;
      своевременным и качественным выполнением мероприятий по улучшению земель, предотвращению и ликвидации последствий эрозии почвы, засоления, заболачивания, подтопления, опустынивания, иссушения, переуплотнения, захламления, загрязнения и других процессов, вызывающих деградацию земель;
      соблюдением установленных сроков рассмотрения заявлений (ходатайств) граждан о предоставлении им земельных участков;
      сохранностью межевых знаков;
      своевременным возвратом земель, предоставленных местными исполнительными органами во временное землепользование;
      рекультивацией нарушенных земель;
      снятием, сохранением и использованием плодородного слоя почвы при проведении работ, связанных с нарушением земель;
      осуществлением проектов землеустройства и других проектов по использованию и охране земель.
      7) направление в соответствующие органы материалов о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан для решения вопроса о привлечении виновных к ответственности;
      8) составление протоколов (акты) о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан;
      9) вынесение постановления об административном взыскании за нарушение земельного законодательства Республики Казахстан;
      10) выдача собственникам земельных участков и землепользователям обязательные для исполнения предписания по вопросам охраны земель, устранению нарушений земельного законодательства Республики Казахстан;
      11) получение от государственных органов статистической информации о состоянии земельного фонда;
      12) приостановление строительства жилых и производственных объектов в случае отсутствия правоустанавливающего и идентификационного документов.
      17. Права и обязанности:
      1) принятие решения в пределах возложенных на него задач и функций;
      2) в установленном законодательством порядке запрашивание и получение от государственных органов, организаций, физических и юридических лиц документы и иную информацию, необходимую для выполнения своих функций, а также представляет информацию другим государственным органам;
      3) рассмотрение в пределах своей компетенции вопросов, поступающих от юридических и физических лиц;
      4) в установленном законодательством порядке, при предъявлении служебного удостоверения, беспрепятственное посещение организаций, обследование земельных участков, находящихся в собственности и пользовании, а земельных участков, занятых военными, оборонными и другими специальными объектами, с учетом установленного режима их посещения;
      5) заключение договора с юридическими и физическими лицами, приобретение имущественных и личных неимущественных прав, представление своих интересов в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) взаимодействие с государственными органами, учреждениями и организациями для реализации задач, поставленных перед государственным учреждением "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области".

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области":
      1) представляет государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) организует работы государственного учреждения "Управление земельной инспекци Южно-Казахстанской области";
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области", применяет меры поощрения и налагает взыскания на них;
      4) определяет круг обязанностей работников государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области";
      5) издает в соответствии с действующим законодательством приказы, обязательные для работников государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области";
      6) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством, настоящим Положением, акиматом и акимом области;
      7) выдает доверенности.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление земельной инспекции Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.