Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 шілдедегі № 201 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 19 тамызда № 3839 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 21.12.2017 № 351 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 - қосымшаларға сәйкес анықталсын.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:

      2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Қнатовка жүктелсін.

      Кентау қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы Н.Ташимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев

      27 шілде 2016 жыл

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 201 қаулысына 1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (басшының экономикалық, қаржы және әкімшілік-шаруашылық мәселесі жөніндегі орынбасарынан басқа), құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, бөлімше) басшысы, әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімшесінен (бөлім, бөлімше) басқа.

      2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): дәрігерлер, мейіргер барлық атаудағы, диеталық мейіргер, акушер, фельдшер, фармацевт, мұғалім, әдіскер, тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы), мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші.

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 201 қаулысына 2 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

      2. Психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі, интернат меңгерушісі білім беру ұйымдарында.

      3. Мамандар (аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында), дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында), алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, педагог-психолог, кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог), оқытушы, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы (білім беру ұйымдарында), тәлімгер, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында), аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдо аудармашы), еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында), мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында), зертханашы, өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, көркемдеуші, барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, медициналық статист, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 201 қаулысына 3 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

      2. Көркемдік жетекші, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, архив қоймасының меңгерушісі, бөлім басшысы (әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімнен басқа).

      3. Мамандар (бас, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): сүйемелдеуші, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, режиссер ассистенті, режиссер көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер, хореограф, қор сақтаушы, музейлер қорын есепке алу архивисті, архивист, экскурсовод, өнертанушы, дизайнер.

      4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).

      5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 201 қаулысына 4 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы, филиал басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

      2. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): жаттықтырушы, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы, хореограф, жаттықтырушы - массажшы, дәрігер, медициналық бике.

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 201 қаулысына 5 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеменің, қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).

      2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): ветеринариялық дәрігер, зертханадағы ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық лаборант, зоотехник, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық фельдшер, малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 27 июля 2016 года № 201. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 19 августа 2016 года № 3839. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 21 декабря 2017 года № 351

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 21.12.2017 № 351.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Кентау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, финансируемых из городского бюджета, согласно приложениям к настоящему постановлению 1, 2, 3, 4, 5.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Кентау" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Кентау и информационно-правовой системе "Әділет";

      2) размещение настоящего постановления на Интернет-ресурсе акимата города Кентау.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Кентау Б.Кнатова.

      Исполняющий обязанности
      акима города Кентау Н.Ташимов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Секретарь Кентауского

      городского маслихата      Т.Балабиев

      27 июль 2016 год

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Кентау от 27
июля 2016 года № 201

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам), руководитель структурного подразделения (отдела, отделения), за исключением подразделения (отдела, отделения) административно-хозяйственного назначения.

      2. Специалисты (высшей, первой, второй категории, без категории): врач, медицинская сестра всех наименований, диетическая сестра, акушер, фельдшер, фармацевт, учитель, методист, воспитатель, логопед, психолог, дефектолог, инструктор по плаванию, инструктор по трудотерапии, инструктор-методист по райттерапии (иппотерапии), инструктор по лечебной физкультуре, специалист по социальной работе, консультант по социальной работе, ассистент по социальной работе, социальный работник (всех наименований), культорганизатор, музыкальный руководитель.

  Приложение 2
к постановлению акимата
города Кентау от 27 июля
2016 года № 201

Перечень должностей специалистов в области образования, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам).

      2. Заведующий психолого – медико - педагогической консультацией, заведующий психолого-педагогическим коррекционным кабинетом, заведующий отделением, заведующий (начальник) лагерем, заведующий интернатом в организациях образования.

      3. Специалисты (старшие, высшей, первой, второй категории, без категории): учителя всех специальностей организаций образования, руководитель творческой мастерской (в организациях образования), руководитель физического воспитания (в организациях образования), преподователь-организатор начальной военной подготовки, социальный педагог, педагог-организатор, педагог дополнительного образования, учитель-логопед (логопед в учебном заведении), педагог-психолог, учитель-дефектолог, преподаватель, воспитатель (в организациях образования), тренер-преподаватель по спорту, (в организациях образования), вожатый, инструктор по физической культуре, заведующий учебно-производственной мастерской (в организациях образования), переводчик-дактилолог (сурдопереводчик в организациях образования), инструктор по труду (в организациях образования), культорганизатор (в организациях образования), лаборант, мастер производственного обучения, учебно-оздоровительного, учебно-воспитательного центра (комплекса), организациях образования, методист, музыкальный руководитель, аккомпаниатор, концертмейстер, аранжировщик, врачи всех специальностей, медицинская сестра, диетическая сестра, медицинский статист, заведующий библиотекой, библиотекарь.

  Приложение 3
к постановлению акимата
города Кентау от 27 июля
2016 года № 201

Перечень должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам), руководитель и заместитель руководителя филиала (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам).

      2. Художественный руководитель, заведующий труппой, заведующий музыкальной частью, заведующий художественно-постановочной частью, заведующий литературно-драматической частью, заведующий библиотекой, заведующий архивохранилищем, руководитель отдела, за исключением отдела административно-хозяйственного назначения.

      3. Специалисты (главные, высшей, первой, второй категории, без категории): аккомпаниатор, артист, библиотекарь, редактор, режиссер, ассистент режиссера, помощник режиссера, звукорежиссер, культорганизатор, методист всех наименований (основных служб), художники всех наименовании, хореограф, хранитель фондов, архивист по учету фондов музеев, архивист, экскурсовод, искусствовед, дизайнер.

      4. Научный сотрудник (в том числе главный, ведущий, старший, младший).

      5. Технические исполнители: музейный смотритель.

  Приложение 4
к постановлению акимата
города Кентау от 27 июля
2016 года № 201

Перечень должностей специалистов в области спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам), руководитель филиала, заместитель руководителя филиала (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам).

      2. Специалисты (главный, старший, высшей, первой, второй категории, без категории): тренер, методист, тренер-преподаватель, инструктор, хореограф, тренер-массажист, врач, медицинская сестра.

  Приложение 5
к постановлению акимата
города Кентау от 27 июля
2016 года № 201

Перечень должностей специалистов в области ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим, финансовым и административно-хозяйственным вопросам).

      2. Специалисты (высшей, первой, второй категории, без категории): ветеринарный врач, ветеринарный врач лаборатории, ветеринарный лаборант, зоотехник, бактериолог, вирусолог, ветеринарный фельдшер, техник по искусственному осеменению животных.