«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14) бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданында орналасқан атауы жоқ көшеге Байтуров Тойлыбай Күренбайұлы көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі Ф.Зулпыхаров