"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына, Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы "Мақтарал ауданының басқару схемасы туралы" Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 18-110-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 55-356-V шешіміне, "Мемлекеттік мекемелер туралы" Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 119 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мақтарал ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Мақтарал ауданының аумағында тартылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.
Аудан әкімі | Ж.Бейсенбаев |
Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы наурыздағы № 242 қаулысымен бекітілген |
"Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
3. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 20 үй.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі ішкі саясат және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімдігінің "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын ауданда түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
3) ішкі саясат саласындағы аудандық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
4) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізу;
5) "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдерімен, өкімдерінің және әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолдану және орындалу барысына бақылау жасау.
16. Функциялары:
1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторингті, талдау мен болжамды жүргізеді;
2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен байланыс пен өзара іс-қимыл орнатады;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарға, жарияланымдарға, бағдарламаларға, қоғамдық-саяси жағдай тақырыбы бойынша және атқарушы органдар жұмысы туралы басылымдарға талдау жүргізеді;
4) аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар, ұсынымдар даярлауды ұйымдастырады;
5) "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) жастар саясаты саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
7) жергілікті деңгейде "Қазақстан – 2050" Стратегиясын насихаттау бойынша тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырады;
8) Мақтарал ауданындағы діни жағдайды зерделеп, талдау жүргізеді. Азаматтардың дін ұстану еркіндігіне құқығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізеді;
9) ішкі саясат саласындағы Мақтарал ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімдігінің веб-сайтының қызметін ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің аудан аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
13) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
14) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
15) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
16) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
17) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
18) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
19) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
2) "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.19. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Мақтарал ауданының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемеciнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
2) мемлекеттiк мекеменiң атынан әрекет етедi;
3) сенiмхаттар бередi;
4) заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза бередi;
5) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, қызметтiк құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттiк мекеменiң iшкi еңбек тәртiбiн бекiтедi;
7) мемлекеттiк мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерде көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
"Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бiрiншi басшы өз орынбасарының өкiлеттiлігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн."Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. "Мақтарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық, меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.6. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі
1) "Мақтаарал" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;2) "Мақтарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
3) "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Мақтараал" аудандық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.