"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданың әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Исаев |
Созақ ауданы әкiмдiгiнiң "6" желтоқсан 2016 жылғы № 410 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
1 | Созақ ауданы | 3426 | 1092 оның ішінде: 662- орын жеке меншік балабақшалар, 430 – орын мектеп жанындағы шағын орталық | 2334 |
Созақ ауданы әкiмдiгiнiң "6" желтоқсан 2016 жылғы № 410 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | ||
Мемлекеттік бала бақшалар | Жеке меншік бала бақшалар | Мектеп жанындағы шағын орталық |
55957 | 21957,70 | 18125,80 |
Созақ ауданы әкiмдiгiнiң "6" желтоқсан 2016 жылғы № 410 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
430,20 | 470,26 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын нақты жұмыс күніне есептелген.