"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығының 65 тармағына сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Д.Айтбаев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ә.Шыңғысбаев |
Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 48/239-V шешімімен бекітілген |
"Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төлеби аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы, Әйтекеби көшесі № 28 үй, индекс 161100.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Төлеби аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Төлеби аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Төлеби аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
15. Міндеттері:
Төлеби аудандық мәслихаты депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
16. Функциялары:
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде Төлеби аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
4) "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
5) Төлеби аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Төлеби аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
7) Төлеби аудандық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Төлеби аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
21. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
12) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
13) "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Төлеби аудандық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес мiндеттердi жүзеге асырады;
"Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
22. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіннің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.