Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 318 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 4717 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 202 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.06.2020 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"11" қазандағы № 318
қаулысына 1-қосымша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген, және Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді. 
      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік:
      1) облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдеріне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқарма басшыларына – облыс әкімінің қолы қойылып;
      2) облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне – облыс әкімі аппараты басшысының қолы қойылып;
      3) тиісті қалалар және аудандар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, аудандық маңызы бар қалалар әкімдеріне, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне – аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылып;
      4) тиісті органдардың мемлекеттік қызметшілеріне – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшысының қолы қойылып беріледі.
      4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі. Сайланатын лауазымдарға қызметтік куәліктер сайлау мерзіміне беріледі.
      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.
      5. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.
      6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес акті шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.
      7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері мемлекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметтері қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жыда бір рет жойылуға жатады.
      Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.
      8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.
      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу мемлекеттік органның персоналды басқару қызметін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.
      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.
      11. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.
      12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды мемлекеттік органның персоналды басқару қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.

  Шығыс Қазақстан облысының
облыстық, қалалық және
аудандық бюджеттерінен
қаржыландырылатын
атқарушы органдардың
мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлік беру
қағидаларына қосымша

      Үлгі

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе











      Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің мөрімен расталады.

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"11" қазандағы
№ 318 қаулысына
2-қосымша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.
      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына (бұдан әрі - қызметтік куәлік сипаттамасы) 1-қосымшаға сәйкес үлгіде "КУӘЛІК" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.
      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.
      4. Сол жағында: көлемі 3 см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісті мемлекеттік орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.
      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 см х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  Шығыс Қазақстан облысының
облыстық, қалалық және
аудандық бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың мемлекеттік
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
1-қосымша

Куәлік мұқабасы



  Шығыс Қазақстан облысының
облыстық, қалалық және
аудандық бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың мемлекеттік
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
2-қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі



Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 октября 2016 года № 318. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 31 октября 2016 года № 4717. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 июня 2020 года № 202

      Сноска. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 22.06.2020 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить:
      1) правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему постановлению;
      2) описание служебного удостоверения государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Восточно-Казахстанской области
Д. Ахметов

  Приложение 1
к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "11" октября 2016 года № 318

Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области (далее – Правила) утверждены в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", и определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственным служащим исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области.
      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую государственным служащим должность.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается:
      1) за подписью акима области – заместителям акима области, руководителю аппарата акима области, акимам городов областного значения и районов, руководителям управлений, финансируемых из областного бюджета;
      2) за подписью руководителя аппарата акима области – государственным служащим аппарата акима области;
      3) за подписью акима района (города областного значения) – государственным служащим соответствующих аппаратов акимов городов и районов, руководителям исполнительных органов, финансируемых из районного (города областного значения) бюджетов, акимам городов районного значения, акимам поселков, сельских округов;
      4) за подписью руководителя исполнительного органа, финансируемых из местного бюджета – государственным служащим соответствующих органов.
      4. Служебные удостоверения выдаются государственным служащим на три года при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения. При избираемых должностях служебные удостоверения выдаются на срок избрания.
      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      5. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе служб управления персоналом государственных органов.
      6. При увольнении, изменении должности, государственные служащие в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего акта сдают служебные удостоверения по месту его получения.
      7. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении, изменении должности, по истечении срока действия, либо порче, один раз в год подлежат уничтожению сотрудниками служб управления персоналом государственных органов с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.
      При увольнении государственного служащего на обходном листе после сдачи служебного удостоверения ставится подпись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.
      8. При замене служебного удостоверения по истечении срока действия, в случае порчи ранее выданного удостоверения (предусмотренного пунктом 4 настоящих Правил), ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудниками служб управления персоналом государственных органов, ответственными за выдачу служебного удостоверения.
      9. В случае утраты служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме службу управления персоналом государственного органа и подает объявление в средства массовой информации, распространяемые на соответствующей территории о недействительности утерянного служебного удостоверения.
      10. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи его другим лицам или использования служебного удостоверения не по назначению, служба управления персоналом государственных органов в установленном порядке рассматривает вопрос привлечения виновных лиц к дисциплинарной ответственности.
      11. Ежегодно, по состоянию на 1 января текущего года, службами управления персоналом государственных органов проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.
      12. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляют руководители служб управления персоналом государственных органов.

  Приложение
к правилам выдачи служебного
удостоверения государственным
служащим исполнительных
органов, финансируемых из
областного, городского и
районного бюджетов
Восточно-Казахстанской
области

      Форма

Журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Срок действия

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание











      Примечание: Журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется печатью службы управления персоналом государственного органа.

  Приложение 2
к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "11" октября 2016 года
№ 318

Описание служебного удостоверения исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно-синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).
      2. На лицевой стороне удостоверения (в свернутом состоянии) по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК" по образцу, согласно приложению 1 к настоящему описанию служебного удостоверения исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Восточно-Казахстанской области (далее - описание служебного удостоверения).
      3. Левая и правая внутренняя часть удостоверения: на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещено наименование соответствующего государственного органа (на государственном и русском языках), под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой, надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" ниже указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность государственного служащего по образцу, согласно приложению 2 к настоящему описанию служебного удостоверения.
      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 см х 4 см, текст на государственном языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения, заверенный подписью руководителя и гербовой печатью соответствующего государственного органа.
      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 см х 4 см, под гербом надпись "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения. Ниже указывается срок действия удостоверения на государственном и русском языках.

  Приложение 1
к описанию служебного
удостоверения исполнительных
органов, финансируемых из
областного, городского и
районного бюджетов
Восточно-Казахстанской
области

Обложка удостоверения



  Приложение 2
к описанию служебного
удостоверения исполнительных
органов, финансируемых из
областного, городского и
районного бюджетов
Восточно-Казахстанской
области

Внутренняя часть удостоверения