Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "24" қазандағы № 327 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдері
р/с № | Аудандар, қалалар атауы | Субсидиялар көлемдері, мың теңге |
1 | Аягөз | 10 197,1 |
2 | Бесқарағай | 34 739,5 |
3 | Бородулиха | 208 809,4 |
4 | Глубокое | 80 190,3 |
5 | Жарма | 19 129,7 |
6 | Зайсан | 28 533,1 |
7 | Зырян | 53 211,4 |
8 | Катонқарағай | 37 479,7 |
9 | Көкпекті | 109 997,2 |
10 | Күршім | 14 561,1 |
11 | Тарбағатай | 25 990,4 |
12 | Үржар | 170 723,4 |
13 | Ұлан | 76 048,9 |
14 | Шемонаиха | 110 001,7 |
15 | Өскемен қ. | 11 121,1 |
16 | Семей қ. | 56 023,6 |
17 | Риддер қ. | 6 776,8 |
Жиыны: | 1 053 534,4 |