2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2060 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 қазанда № 4687 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 тіркелген) қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
      2. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі", "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі", "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 05.09 2060
қаулысына
қосымша

2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға тапсыруға ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбесіне өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 15.08.2017 № 3352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/н

Кәсіпорын атауы

1

2

1

Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер жөніндегі басқарма" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

2

Өскемен қаласы әкімдігінің "Восток" футбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

3

Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен-Тәртіп" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

4

"Өскемен-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесінің бөлігі жарғылық капиталынан 49 (қырық тоғыз) пайыз мөлшерінде)


О приватизации коммунального имущества города Усть-Каменогорска на 2016-2020 годы

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 5 сентября 2016 года № 2060. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 7 октября 2016 года № 4687

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 01 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1141 "О некоторых вопросах приватизации на 2016-2020 годы", постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 марта 2016 года № 85 "О некоторых вопросах приватизации коммунального имущества Восточно-Казахстанской области на 2016-2020 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4492), акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень организаций коммунальной собственности города Усть-Каменогорска, предлагаемых к передаче в конкурентную среду на 2016-2020 годы.
      2. Государственным учреждениям "Отдел финансов города Усть-Каменогорска", "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска", "Отдел физической культуры и спорта города Усть-Каменогорска", "Отдел экономики и бюджетного планирования города Усть-Каменогорска" принять установленные законодательством меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Усть-Каменогорска Искакова А.М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города
      Усть-Каменогорска Е. Аймукашев

  Приложение
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от " 05 " 09 2016 года № 2060

Перечень организаций коммунальной собственности города Усть-Каменогорска, предлагаемых к передаче в конкурентную среду на 2016-2020 годы

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 15.08.2017 № 3352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование предприятия

1

2

1

Коммунальное государственное казенное предприятие "Управление делами" акимата города Усть-Каменогорска

2

Коммунальное государственное казенное предприятие "Футбольный клуб "Восток" акимата города Усть-Каменогорска

3

Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Өскемен-Тәртіп" акимата города Усть-Каменогорска

4

Товарищество с ограниченной ответственностью "Өскемен-Тазалық" (государственная доля участия в уставном капитале в размере 49 (сорок девять) процентов от уставного капитала)