РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берілген "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдік қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |
Қала әкімдігінің 2016 жылғы "16" ақпандағы № 239 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, ақпараттық – талдамалы, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салада Знаменка ауылдық округінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органы болып табылады.2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз кызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік – құқықтық актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті облыстық атқарушы органмен келтірілген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген нормативтері шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
7. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 071418, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Знаменка ауылы.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
9. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Құрылтайшысы Семей қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
10. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Әкім аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ақпараттық – талдамалы, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қызмет тұрғысында Знаменка ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.13. Міндеттері мен функциялары:
1) Знаменка ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын, Знаменка ауылдық округінің бюджетін әзірлеуде Знаменка ауылдық округ әкім қызметін қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау, сондай – ақ қоғамдық – саяси жағдайды тұрақты жақсарту;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер – Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
3) жергілікті кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға қатысу;
4) Знаменка ауылдық округі аумағында инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысқа қатысу, инвестицияларды тартуға көмектесу;
5) ішкі озық электрондық жүйелерге, бағдарламалық қамсыздандыруға, соның ішінде интернет ортаға ақпараттық – талдамалы көмек көрсету;
6) Знаменка ауылдық округі әкімінің жоғары білікті кадрлық резервін қалыптастыруда ақпараттық – талдамалы көмек көрсету;
7) Знаменка ауылдық округі әкімінің ақпараттық саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) бұқаралық, соның ішінде электрондық ақпарат құралдармен ұйымдастыру, қамтамасыз ету және өзара іс-әрекет жасау;
9) Знаменка ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен қызметтік хат – хабарлар бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, соның ішінде келушілерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша Знаменка ауылдық округ әкімін ақпараттандыру;
12) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі, әкімдігімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен, Семей қалалық мәслихатымен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, құқық қорғау органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс – әрекетті ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
13) Знаменка ауылдық округі әкімінің тапсырмасы бойынша Знаменка ауылдық округі әкімнің және "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін соттарда ұсыну және қорғау, Знаменка ауылдық округі әкімінің атына енгізілген прокурорлық ден қою актілерін қарау;
14) Знаменка ауылдық округі әкімі қабылдайтын өкімдер мен шешімдердің жобаларын әзірлеу;
15) Знаменка ауылдық округі әкімі қатысатын іс – шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
16) референдумдар мен сайлауларды дайындау және өткізу барысында сайлау органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
17) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруға қатысу;
18) Знаменка ауылдық округіндегі қоғамдық орындарды көркейту және сыртқы безендіру мәселелерін шешуге қатысу;
19) қылмыскерлікпен, сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
20) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі теңгерімінде тұрған негізгі құралдарды тиісінше күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
21) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған және оған жүктелген өзге де функцияларды орындауға құқылы.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) Знаменка ауылдық округі әкімінің тапсырмасы бойынша Знаменка ауылдық округі әкімінің құзыретіне кіретін тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алу;
2) сұраныстар мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеу;
3) Знаменка ауылдық округі аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібіне тиісті бақылауды жүзеге асыру;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Знаменка ауылдық округі әкіміне аппараттың лауазымды тұлғаларын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
5) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі мен Семей қаласы мәслихаты аппаратымен өзара іс-әрекет жасау;
6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік – құқықтық актілерді орындау;
7) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметі бекітілген қызмет нысанына сәйкес осы Ережеде белгіленген функцияларды орындауға бағытталған болуы тиіс;
8) мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды және өзге де стратегиялық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу;
9) басқару тетіктерін, жұмыс тәсілдерін тұрақты жетілдіру, әкім аппаратының қызметкерлеріне тиісінше еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
10) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру;
11) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әлеуметтік – тұрмыстық мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу.
3. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру
15. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Президенті айқындаған тәртіппен лауазымға сайланған Знаменка ауылдық округ әкімі басқарады.16. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, өз функцияларын орындауға дербес жауапты болады:
1) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас және жетекші мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін міндетті өкімдер және нұсқаулар шығарады;
3) мемлекеттік және өзге де органдарда "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне және ақшалай қаражатына иелік етеді;
5) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарларын, жылдық қаржылық есепті бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдану үшін дербес жауаптылыққа ие болады;
7) өз қызметін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 – баптарына сәйкес жүзеге асырады;
8) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
17. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері:
1) Знаменка ауылдық округ әкімі мен "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша өкілеттіліктер берілген мемлекеттік қызметшілер болып табылады;
2) осы Ережемен және өзге де нормативтік – құқықтық актілермен көзделген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады;
3) өз міндеттерін уақтылы және сапалы жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікте болады;
Әкім аппаратының мүлкі
18. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, құны теңгерімде көрсетілген, оған мемлекетпен берілген, жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкіне ие.19. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік, оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады және коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкімнің немесе "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Знаменка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
21. Мүлікті мүліктік жалға беруге (жалдау), коммуналдық мүлікті пайдалану бойынша жасалған шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
22. Коммуналдық меншікке айналдырылған (келіп түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің (тұрғын үй және жер телімдерінен басқа), олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын заттар жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру.
23. Иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке қою туралы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтініштерді жолдау.