Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 30.06.2017 № 262 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының | |
әкімінің міндетін атқарушы | С. Кенжебеков |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "14" шілдедегі № 492 қаулысына қосымша |
Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге | Тәрбиеленушілер саны, адамдар | Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге |
Бір айда | |||||
Балабақшалар, бөбекжайлар | Шағын орталықтар | Балабақшалар, бөбекжайлар | шағын орталықтар | балабақшалар, бөбекжайлар | шағын орталықтар | |||
Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | |||||
23566 | 23427 | 10533 | 0 | 433 | 137 | 23496 | 10533 | 7900 |