Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2015 жылғы 03 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1 - бөлімі 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;";
1-бөлімнің 1) тармақшасы 1-1) тармақша болып саналсын;
1-бөлімнің 8) тармақшасы алынып тасталсын;
2-бөлімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін";
2-тараудың 11-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
3) Радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын халықаралық Еске алу күні-26 сәуір:
"1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 65 000 (алпыс бес мың) теңге";
"1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 5 000 (бес мың) теңге;
3 - тараудың 24 - тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. КАРИМОВ |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |