Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 08.12.2020 № 54/505-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3688 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2015 жылдың 7 наурызында № 19-20 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш бере алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Аягөз аудандық | |
мәслихат хатшысы | С.Искаков |