Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 12.12.2017 № 324 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлемінің мөлшері бала-бақшалар бөлінісінде осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | Н. Сыдықов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы " 28 " қазандағы № 330 қаулысына қосымша |
Жарма ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны | Айына бір тәрбиеленушіге жанбасына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) | Ата-ананың бір тәрбиеленушіге айына ақытөлеу мөлшері, (теңге) |
1 | Балабақшалар | 670 | 164846 | 8500 |
2 | Бөбекжай балабақшасы | 190 | 50458 | 8500 |
3 | Мектеп жанындағы кіші орталықтар | 162 | 12419 | 6000 |