Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 20.11.2019 № 56/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 37/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3690 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 11 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
аталған шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 нөмірімен тіркелген), Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 тіркелген) сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.";
6- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.";
23- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"23. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеген кезде келесі нормалар есепке алынады:
1) аудандар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш.м,
2 адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м,
3 және одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м, бірақ 60 ш.м артық емес;
2) ұсынылған қызметтерге пайдалану шығысы (ЖПК төлемі) – 30 ш.м;
3) пәтерде газ плитасы мен орталықтандырылған ыстық су болған жағдайда, айына 1 адамға газдың шығысы – 4,57 кг;
4) пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда, айына 1 адамға газдың шығысы – 5,07 кг;
5) 1 адамға электрэнергиясын тұтыну - 90 кВт.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Ледянкин |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |