"Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/26-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 4603 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 10/134-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V (нормативтік құқықтық актілердің 2014 жылғы 20 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3328 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 39 (7728) "Арай" газетінде жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      1 -бөлімнің 1- тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Сессия төрағасы В.Малахов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Бралинов

О внесении дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района"

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 июня 2016 года N 3/26-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 июля 2016 года N 4603. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26 декабря 2023 года № 10/134-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26.12.2023 № 10/134-VIII ( вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года №215 Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 15 мая 2014 года за номером 3328, опубликовано в газете "Луч" от 23 мая 2014 №39 (7728) следующие дополнение:
      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 главы 1 дополнить подпунктом 11 следующего содержания:
      "11) "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Малахов В.
      Секретарь районного маслихата Бралинов Д.