Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 7/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4851 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 9/7-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 14.10.2021 № 9/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Шығыс Қазақстан облысы Күршімі ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді);

      4) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған айдан бастап тағайындалады;

      5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Л. Қумарова
      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы М. Сағанақов

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 20 декабря 2016 года № 7/7-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 26 января 2017 года № 4851. Утратило силу - решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 14 октября 2021 года № 9/7-VII

      Сноска. Утратило силу - решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 14.10.2021 № 9/7-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", со статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану ежемесячно, в размере четырех месячных расчетных показателей в течение учебного года.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Курчумского района Восточно-Казахстанской области";

      2) возмещение затрат на детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении) предоставляется одному из родителей или законному представителю детей-инвалидов обучающихся на дому, независимо от дохода семьи;

      3) перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану предоставляется согласно пункта 9 стандарта государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей инвалидов" утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально трудовой сфере" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11342);

      4) возмещение затрат на обучение назначается с месяца обращения, при признании необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации;

      5) при наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом восемнадцати лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности, в период обучения ребенка-инвалида в государственных учреждениях), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Председатель сессии Л. Кумарова
      Секретарь Курчумского
      районного маслихата М. Саганаков