2016 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы № 41-486/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 4448 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11-114/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.03.2017 № 11-114/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау ту-ралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2016 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға төмендегі әлеуметтік қолдау шаралары айқындалсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.
      2. 2015 жылғы 13 наурыздағы № 31-352/V "2015 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3836 номерімен тіркелген, "Уақыт тынысы\Пульс времени" газетінің 2015 жылдың 27 сәүіріндегі 57-58 нөмірлерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т.Омаров
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев

Об определении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2016 год

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 04 марта 2016 года № 41-486/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 28 марта 2016 года № 4448. Утратило силу - решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 марта 2017 года № 11-114/VI

      Сноска. Утратило силу - решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.03.2017 № 11-114/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" от 18 февраля 2009 года № 183 Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить нижеследующие меры социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2016 год в размере:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Признать утратившим силу решение № 31-352/V от 13 марта 2015 года "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2015 год " (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3836, опубликовано в газете "Уақыт тынысы\Пульс времени" от 27 апреля 2015 года № 57-58).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Т.Омаров
      секретарь Урджарского
      районного маслихата М.Бытымбаев