Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 4472 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-6-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2020 № 40-6-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өңірлік комиссиясының шешімімен ұсынылған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Батыс Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі -ДКК) қорытындысы болғанда науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
      Науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) медициналық көмек алуы жағдайында автомобиль, теміржол көлігімен жол жүру құнының төлемі жүргізілсін (екі бағытқа да).
      2. ДКК қорытындысы бойынша тіршілік әрекеті шектеулі көрсетілімдері болған кезде медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге әуе көлігімен жолдануы жағдайында науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) жол жүру құнының төлемі толық көлемінде жүргізілсін (екі бағытқа да).
      3. Әуе көлігіне ДКК-нің қорытындысында рұқсат болмаған жағдайда, медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге жолданған науқасқа және науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) теміржол көлігі жүрдек пойызының купелі вагоны билетінің орташа құнынан артық емес көлемінде төлем жүргізілсін (екі бағытқа да).
      4. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі науқастардың емделуге және оларды алып жүруші тұлғаға жол жүру құнының төлемін жүргізсін (келісім бойынша).
      5. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Сүлеймен
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

      Келісілді:
"Батыс Қазақстан облысының
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________Қ. Ирменов

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 10 июня 2016 года № 4-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 13 июля 2016 года № 4472. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2020 года № 40-6-1

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 09.12.2020 № 40-6-1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат Западно-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Предоставить бесплатный проезд гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств, направляемым по медицинским показаниям по направлению выданного региональной комиссией государственного учреждения "Управление здравоохранения Западно-Казахстанской области", а также лицу сопровождающего больного (не более одного человека) при наличии заключения врачебно-консультативной комиссии (далее-ВКК).
      Оплату стоимости проезда больного и лица его сопровождающего (не более одного человека) производить при условии получения медицинской помощи за проезд на автомобильном, железнодорожном транспорте (в оба конца).
      2. В случае проезда больных направляемых по медицинским показаниям за пределы населенного пункта на лечение и лиц сопровождающего больного (не более одного человека) на воздушном транспорте оплату производить в полном объеме (в оба конца), при наличии показаний ограничения жизнедеятельности по заключению ВКК.
      3. При отсутствии разрешения в заключении ВКК на воздушном транспорте проезд больных направляемых по медицинским показаниям за пределы населенного пункта на лечение и лиц сопровождающего больного (не более одного человека), оплату производить (в оба конца) в размере не более средней стоимости билета купейного вагона скорого поезда железнодорожного транспорта.
      4. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Западно-Казахстанской области" производить выплату стоимости проезда на лечение больных и лиц, их сопровождающих (по согласованию).
      5. Руководителю аппарата областного маслихата (Султанов А.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      6. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
областного маслихата
С.Сүлеймен
      Секретарь областного маслихата М.Құлшар

      Согласовано
Руководитель государственного
учреждения "Управления
здравоохранения Западно-Казахстанской области"
______________К. Ирменов