1. Орал қаласының кенттері мен ауылдық округі шекаралары белгіленсін:
1) №1 қосымшаға сәйкес алаңы 9181,33 гектар, шекарасының ұзындығы 59588,51 метр болатын - Зачаган кенті;
2) №2 қосымшаға сәйкес алаңы 23929,14 гектар, шекарасының ұзындығы 103178,17 метр болатын - Круглоозерный кенті;
3) №3 қосымшаға сәйкес алаңы 103,08 гектар, шекарасының ұзындығы 8460,41 метр болатын - Желаев ауылдық округі.
2. "Орал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Галиев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарына (Р.Закаринге) және қалалық мәслихаттың нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы А.Ермекқалиевке) жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Р. Закарин |
Сессия төрағасы | А. Әубекеров |
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Әубекеров |
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 4166 қаулысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-4 бірлескен шешіміне № 1 қосымша |
Орал қаласының Зачаган кентінің шекарасы
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 4166 қаулысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-4 бірлескен шешіміне № 2 қосымша |
Орал қаласының Круглоозерный кентінің шекарасы
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 4166 қаулысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-4 бірлескен шешіміне № 3 қосымша |