Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық..мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АЕК-тің 50 пайыз мөлшерінде көрсетіледі.";
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қатерлі ісікпен ауыратындарға, емделудің сүйемелдеу кезіндегі туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын бірінші топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;".
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Дошанова |
Мәслихат хатшысы | С. Сиражев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс-Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
__________ М. Тоқжанов
24.06.2016 ж.