1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылының аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №5 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3940 тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешімінің және Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 5 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4078 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
3. Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Исатаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Базартөбе ауылдық округінің әкімі |
А.Ермуханов |