1. Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағында ірі мүйізді малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1230 "Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 тіркелген, 2015 жылы 5 ақпанда "Бөрлі жаршысы- Бурлинские вести" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Тусупкалиев |