Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-7 "Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 маусымда № 4449 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 51-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 51-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-7 "Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4388 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттеу тәртібінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.".
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.".
      8-тармақтың 6), 7)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;";
      "7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға үндеу мазмұндағы транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге;".
      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А. Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Р. Ихсанова
      Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева

О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года № 2-7 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе"

Решение Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18 мая 2016 года № 3-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 июня 2016 года № 4449. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2020 года № 51-5

      Сноска. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13.02.2020 № 51-5 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Сырымский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года № 2-7 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4388, опубликованное 12 мая 2016 года в газете "Сырым елі") следующие изменения:
      в дополнительно регламентированный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе, утвержденный указанным решением:
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. В случае не соблюдения требования пункта 4 настоящего порядка при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (то есть процедурные требования) оно не может являться основанием для отказа в проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций.
      В таких случаях Акиматом дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.".
      в пункт 7 на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется.
      в пункте 8:
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      "6) участие в собрании, митинге, шествии, пикете и демонстрации лиц, находящихся в состоянии алкогольного или наркотического опьянения;".
      в подпункт 7) на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется.
      2. Главному специалисту аппарата районного маслихата (А. Орашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Р. Ихсанова
      Секретарь маслихата Ш. Дуйсенгалиева