Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы №3-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №36-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4429 болып тіркелген, 2016 жылы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:".
2. Тасқала аудандық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б.Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә.Сәрсенбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Рахимов |