"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 20/88 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8344 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 17 қазандағы № 233 (28172) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым минстрі
_______________Е. Сағадиев
2017 жылғы 18 қаңтар