"Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 14774 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 37 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 306 бұйрығымен бекітілді

Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және:
      1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сараптама ұйымдары мен мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама комиссияларын құру;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру;
      3) жергілікті (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сараптама топтарын құру;
      4) жобалардың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша штаттан тыс аттестатталған сарапшылар ретінде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін сарапшыларды шарт негізінде тарту;
      5) қала құрылысы жобаларын қарау кезінде құрылыс жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшылар үшін не сараптама комиссиялары (сараптама топтары) үшін консультанттар ретінде мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымына қызметтер көрсету үшін мамандандырылған институттар мен ұйымдарды, сондай-ақ ұйымдардағы жекелеген мамандарды шарт негізінде тарту тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) аккредиттелген сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) жобалау саласындағы сарапшы – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
      3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары, сондай-ақ тиісті жергілікті атқару органдары құратын сараптама топтары жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы, өңірлердің аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары) қала құрылысы жобаларының міндетті сараптамасы;
      4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;
      5) мамандандырылған институттар мен ұйымдар – ғылыми-зерттеу институттары, жобалау, жобалау-іздестіру немесе жобалау-жоспарлау ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар;
      6) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      7) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы;
      8) хатшы – сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кіретін, қаралатын жоба бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) ведомствосының маманы.
      3. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді.

2-тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі

      4. Қарауға қабылданған құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.
      Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары:
      1) осы объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, олар үшін жобалау және салу бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген бірегей объектілердің;
      2) құрылыс учаскесінің ерекше жағдайлары бар техникалық жағынан күрделі объектілердің;
      3) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар технологиялық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобаларын қараған жағдайда алқа шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сараптама комиссияларын құруға құқылы.
      5. Сараптама комиссиясы (сараптама топтарынының) құрамына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін штаттық сарапшылар, сондай-ақ шарт негізінде тартылатын сарапшылар енгізіледі.
      6. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін мамандардың пікірі талап етілетін жағдайда:
      сараптама комиссиясының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға мүдделі салалық мемлекеттік органдарының өкілдері, қаралып отырған құрылыс жобасының тапсырыс берушілері мен әзірлеушілерінің уәкілетті өкілдері шақырылады;
      сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) көмек үшін мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы консультанттарды тартады не шетелдіктерді қоса алғанда, мамандандырылған институттар мен ұйымдардың консультациялық қызметтерін пайдаланады.

3-тарау. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі

      7. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі – кешенді қала құрылысы сараптамасы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) және жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама комиссиялары (сараптама топтары) жүргізеді.
      8. Ведомствоның сараптама комиссиясы мынадай қала құрылысы жобалары:
      1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
      2) аумақты дамытудың өңіраралық схемасы;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;
      4) жалпымемлекеттік маңызы бар өзге де қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
      9. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары мынадай қала құрылысы жобалары:
      1) облыстар, аудандар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
      2) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;
      3) халқының есептік саны бес мың тұрғыннан асатын елді мекендердің бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
      10. Кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ведомство (жергілікті атқарушы орган) қала құрылысы жобасының әрбір сараптамасына жеке сараптама комиссиясын (сараптама тобын) құрады және сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамынан хатшыны айқындайды.
      11. Төраға (басшы), төрағаның орынбасары (басшының орынбасары), мемлекеттік сараптама ұйымы (оның аумақтық бөлімшелері) сарапшыларының қатарынан жобалардың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар және жобалау ұйымдары, мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары мамандарының қатарынан консультанттар сараптама комиссиясының (сараптама тобының) мүшелері болып табылады.
      Ведомствоның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға сараптама комиссиясының (сараптама тобының) төрағасы (басшысы) болып табылады. Төраға (басшы) болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.
      Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) мүшелерiнiң жалпы саны тақ сан болып табылады және кемiнде тоғыз адамды құрайды.
      12. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) сараптамалық қорытынды берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
      13. Қажет болған жағдайда сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмыс отырысына мүдделі салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, қаралып отырған жобаның тапсырыс берушілері мен әзірлеушілерінің уәкілетті өкілдері шақырылады.

4-тарау. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      14. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін мамандардың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшыларға немесе сараптама комиссиялары (сараптама топтары) үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:
      бірегей объектілердің құрылыс жобалары бойынша, сондай-ақ ерекше, бір бағытта мамандандырылған білім мен тәжірибе болуын талап ететін (шоғырландырылған) инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде өзге объектілердің құрылыс жобалары бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптаманы;
      сараптама комиссиялары (сараптама топтары) қарап отырған жобаларда айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi болған кезде аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыратын мамандар, мамандандырылған институттар немесе ұйымдар тартылады.
      15. Консультанттармен тиісті шарттар жасасу кезінде:
      мамандандырылған институттар мен ұйымдар үшін – олардың тиісті мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;
      мамандар үшін – олардың кәсіби білімдері мен біліктілігін не тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттар мен ұйымдардағы практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы қажетті шарт болып табылады.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 306 "Об утверждении Правил создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 37. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 февраля 2017 года № 14774.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 306 "Об утверждении Правил создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10635, опубликованный 21 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Правила создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе, утвержденные указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

  Приложение
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 1 февраля 2017 года № 37
  Утверждены приказом
Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 2 апреля 2015 года № 306

Правила создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон) и устанавливают порядок:

      1) создания аккредитованными экспертными организациями и государственной экспертной организацией экспертных комиссий (экспертных групп) для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства новых объектов, а также изменения (реконструкции, расширения, модернизации, технического перевооружения, капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций;

      2) создания ведомством уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства экспертных комиссий для проведения комплексной градостроительной экспертизы по проектам, утверждаемым в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) создания местными (областными, города республиканского значения, столицы, городов областного значения) исполнительными органами экспертных групп, по проектам, утверждаемым в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      4) привлечения на договорной основе экспертов для участия в проведении комплексной вневедомственной экспертизе проектов строительства в качестве внештатных аттестованных экспертов по соответствующим разделам (частям) проектов;

      5) привлечения на договорной основе специализированных институтов и организаций, а также отдельных специалистов организаций, для оказания услуг государственной или аккредитованной экспертной организации в качестве консультантов для экспертов по соответствующим разделам (частям) проектов строительства, либо для экспертных комиссий (экспертных групп) при рассмотрении градостроительных проектов.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) аккредитованная экспертная организация – юридическое лицо, осуществляющее комплексную вневедомственную экспертизу проектов строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), не отнесенную законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности к государственной монополии;

      2) эксперт в области проектирования – физическое лицо, аттестованное в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, для осуществления экспертных работ по определенным разделам (частям) проектов, состоящее в штате одной из экспертных организаций;

      3) комплексная градостроительная экспертиза – обязательная экспертиза градостроительных проектов различного уровня (генеральная схема организации территории Республики Казахстан, межрегиональные схемы территориального развития, комплексные схемы градостроительного планирования территорий регионов, генеральные планы населенных пунктов), осуществляемая экспертными комиссиями, образуемыми уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства по проектам, а также экспертными группами, образуемыми соответствующими местными исполнительными органами по проектам, утверждаемым в соответствии законодательством Республики Казахстан;

      4) консультант – квалифицированный специалист, обладающий специальными знаниями, в том числе в области проектирования объектов строительства и (или) градостроительного планирования территорий либо представитель специализированного института или организации, привлеченный для оказания консультативной помощи по соответствующим разделам (частям) проекта;

      5) специализированные институты и организации – научно-исследовательские институты, проектные, проектно-изыскательские или проектно-планировочные организации, а также иные организации;

      6) государственная экспертная организация – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан в организационно-правовой форме республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения и осуществляющее отнесенную к государственной монополии комплексную вневедомственную экспертизу по проектам строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации);

      7) комплексная вневедомственная экспертиза проектов строительства объектов – экспертиза проектов, включающая отраслевые и ведомственные экспертизы, проводимая по принципу "одного окна" по технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации, предназначенным для строительства зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций;

      8) секретарь – специалист ведомства уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства (местного исполнительного органа), входящий в состав экспертной комиссии (экспертной группы), отвечающий за организацию и проведение комплексной градостроительной экспертизы по рассматриваемому проекту.

      3. Не допускается включение в состав экспертных комиссий (экспертных групп), а также привлечение для иной формы участия в экспертизе проектов специалистов, прямо или косвенно принимавших участие в подготовке и (или) разработке рассматриваемых проектов, либо являющиеся представителями специализированных институтов и организаций, их разработавших.

Глава 2. Порядок создания экспертных комиссий (экспертных групп) для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства

      4. Для проведения комплексной вневедомственной экспертизы по принятым на рассмотрение проектам (технико-экономическим обоснованиям или проектно-сметной документации) для строительства государственная или аккредитованная экспертная организация создают экспертные группы.

      Государственная или аккредитованные экспертные организации для принятия коллегиальных решений вправе создавать свои экспертные комиссии в случаях рассмотрения проектов строительства:

      1) уникальных объектов, для которых не установлены государственные или межгосударственные технические регламенты и нормативно-технические требования по проектированию и строительству, определяющие необходимость разработки, согласования и утверждения для данного объекта специальных технических условий (особых норм);

      2) технически сложных объектов с особыми условиями участка строительства;

      3) технологически сложных объектов с редко встречающимся в практике проектирования функциональным (технологическим) назначением.

      5. В состав экспертных комиссий (экспертных групп) включаются штатные эксперты, а также эксперты привлекаемые на договорной основе для участия в комплексной вневедомственной экспертизе.

      6. В случаях, когда в штате экспертной организации нет аттестованного эксперта, требуемой специализации, либо если для оценки рассматриваемого проекта требуется мнение специалистов, то:

      к участию в работе экспертных комиссий (экспертных групп) приглашаются представители заинтересованных отраслевых государственных органов, уполномоченные представители заказчиков и разработчиков рассматриваемого проекта строительства;

      в помощь экспертным комиссиям (экспертным группам) государственная или аккредитованная экспертная организация привлекает консультантов либо пользуется консультационными услугами специализированных институтов и организаций, включая зарубежных.

Глава 3. Порядок создания экспертных комиссий (экспертных групп) для проведения комплексной градостроительной экспертизы градостроительных проектов

      7. Комплексная градостроительная экспертиза проектов в области градостроительного планирования территорий (далее – комплексная градостроительная экспертиза) проводится экспертными комиссиями (экспертными группами), образуемыми ведомством уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее – ведомство) и местными исполнительными органами.

      8. Экспертная комиссия ведомства проводит комплексную градостроительную экспертизу по следующим градостроительным проектам:

      1) генеральная схема организации территории Республики Казахстан;

      2) межрегиональные схемы территориального развития;

      3) генеральные планы города республиканского значения, столицы, городов областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей;

      4) иные градостроительные проекты, имеющие общегосударственное значение.

      9. Экспертные группы местных исполнительных органов проводят комплексную градостроительную экспертизу по следующим градостроительным проектам:

      1) комплексные схемы градостроительного планирования территорий областей, районов;

      2) генеральные планы городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей;

      3) генеральные планы населенных пунктов с расчетной численностью населения свыше пяти тысяч жителей.

      10. Для проведения комплексной градостроительной экспертизы ведомство (местный исполнительный орган) отдельно на каждую экспертизу градостроительного проекта создает экспертную комиссию (экспертную группу) и из состава экспертной комиссии (экспертной группы) определяет секретаря.

      11. Членами экспертной комиссии (экспертной группы) являются председатель (руководитель), заместитель председателя (заместитель руководителя), эксперты, аттестованные по соответствующим разделам (частям) проектов из числа экспертов государственной экспертной организации (ее территориальных подразделений) и консультанты из числа специалистов проектных организаций, специализированных научно-исследовательских институтов.

      Председателем (руководителем) экспертной комиссии (экспертной группы) является должностное лицо не ниже заместителя первого руководителя ведомства (местного исполнительного органа). Во время отсутствия председателя (руководителя) его функции выполняет лицо, замещающее его.

      Общее количество членов экспертной комиссии (экспертной группы) является нечетным и составляет не менее девяти человек.

      12. Экспертная комиссия (экспертная группа) действует со дня вступления в силу решения о ее создании и прекращает свою деятельность со дня выдачи экспертного заключения экспертной комиссии (экспертной группы).

      13. В необходимых случаях к участию в рабочем заседании экспертной комиссии (экспертной группы) приглашаются представители заинтересованных отраслевых государственных органов, специалисты исполнительных органов и территориальных подразделений центральных исполнительных органов, уполномоченные представители заказчиков и разработчиков рассматриваемого проекта.

Глава 4. Порядок привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной или комплексной градостроительной экспертизе проектов

      14. В случаях, когда в штате экспертной организации нет аттестованного эксперта, требуемой специализации, либо если для оценки рассматриваемого проекта требуется мнение специалистов, то к участию в работе экспертных комиссий (экспертных групп) на договорной основе в качестве консультантов для аттестованных экспертов или экспертных комиссий (экспертных групп) привлекаются специалисты, специализированные институты или организации, осуществляющих:

      комплексную вневедомственную экспертизу по проектам строительства уникальных объектов, а также проектам строительства иных объектов в части применения инновационных материалов, изделий, оборудования и технологий, требующих наличия (концентрации) особых, узкоспециализированных знаний и опыта;

      комплексную градостроительную экспертизу проектов градостроительного планирования территорий при наличии в рассматриваемых экспертными комиссиями (экспертными группами) проектах объектов особого регулирования и градостроительной регламентации.

      15. При заключении соответствующих договоров с консультантами необходимым условием является:

      для специализированных институтов и организаций – наличие документов, подтверждающих их соответствующий статус;

      для специалистов – наличие документов, подтверждающих их профессиональное образование и квалификацию, либо практическую деятельность в соответствующих отечественных и (или) зарубежных специализированных институтах и организациях.