"Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 наурызда № 14869 болып тіркелді

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 557 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12113 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанда "Әділет" Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ең төмен әлеуметтік стандартты реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

      1) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

      2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      5) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      6) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

      7) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы;

      8) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы;

      9) "Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысы;

      10) "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысы;

      11) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысы;

      12) "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысы;

      13) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 тіркелген).

      14) "Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 657 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14538 болып тіркелген).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру;

      2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдаушы отбасына) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттарды айқындау.";

      ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж.Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Блім және министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 48 бұйрығына қосымша
  "Жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, отбасына тәрбиелеуге
(асырап алуға, қорғаншылыққа
немесе қамқоршылыққа,
патронатқа) берілген
балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды
қамтамасыз ету" ең төмен
әлеуметтік стандартына
қосымша

"Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары және нормативтері

Норма/норматив атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаты

Норманың/нормативтің мөлшері

1

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі

"Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысы

Патронат тәрбиешiлер

Мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану айына 6 айлық есептiк көрсеткiш;
мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану айына 7 айлық есептiк көрсеткiш бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы үшін айына 3 айлық есептiк көрсеткiш.

2

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төлемі

"Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысы

Қорғаншылар немесе қамқоршылар

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы – айына 10 айлық есептік көрсеткіш

3

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысы

Асырап алушы

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем – 75 айлық есептік көрсеткі

4

Баланы қабылдаушы алған ата-аналарға берілген баланы (балаларды) баланы асырап-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі

"Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 657 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14538 болып тіркелген)

Баланы қабылдайтын ата-аналар

Баланы қабылдаушы ата-аналарға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың берілуіне байланысты ай сайынғы ақшалай төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткішті құрайды


О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 557 "Об утверждении минимального социального стандарта "Обеспечение защиты прав и интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опеку или попечительство, патронат)"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 48. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 марта 2017 года № 14869.

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан от 19 мая 2015 года "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 557 "Об утверждении минимального социального стандарта "Обеспечение защиты прав и интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опеку или попечительство, патронат)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12113, опубликованный в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" от 2 октября 2015 года) следующие изменения:

      в Минимальном социальном стандарте "Обеспечение защиты прав и интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опеку или попечительство, патронат)", утвержденном указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Перечень законодательных и иных нормативных правовых актов, на основании которых действует минимальный социальный стандарт:

      1) Кодекс Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье";

      2) Закон Республики Казахстан 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях";

      3) Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года "О правах ребенка в Республике Казахстан";

      4) Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании";

      5) Закон Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах";

      6) Закон Республики Казахстан от 19 мая 2015 года "О минимальных социальных стандартах и гарантиях";

      7) постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64 "Об утверждении Правил формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников";

      8) постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь";

      9) постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 381 "Об утверждении Правил осуществления выплаты и размера денежных средств, выделяемых на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям";      

      10) постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 383 "Об утверждении Правил назначения и размера выплаты пособия опекунам или попечителям на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей";

      11) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде";

      12) постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2014 года № 787 "Об утверждении Правила назначения и возврата единовременной денежной выплаты в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей";

      13) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 172 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами в сфере дошкольного воспитания и обучения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10981);

      14) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 ноября 2016 № 657 "Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 14538).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Цель минимального социального стандарта:

      1) реализация социальных прав и социальных гарантий в области обеспечения защиты прав и интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опека или попечительство, патронат, приемная семья);

      2) реализация государственной политики в системе минимальных социальных стандартов в области обеспечения защиты прав и интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опека или попечительство, патронат, приемная семья);

      3) определение принципов в системе минимальных социальных стандартов в области обеспечения защиты прав интересов детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опека или попечительство, патронат, приемная семья).";

      приложение к минимальному социальному стандарту изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (З. Ж. Оразалиева) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление копий настоящего приказа в периодические печатные издания для официального опубликования, а также в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
      Республики Казахстан Е. Сагадиев

  Приложение
  к приказу Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 6 февраля года № 48
  Приложение
к минимальному социальному стандарту
"Обеспечение защиты прав
и интересов детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей,
переданных на воспитание в семью
(усыновление, опеку или попечительство, патронат)"

      Нормы и нормативы
минимального социального стандарта "Обеспечение защиты прав и интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, переданных на воспитание в семью (усыновление, опеку или попечительство, патронат)"

Наименование нормы/
норматива

Нормативный правовой акт, регулирующий норму/норматив

Категории лиц, имеющих право на минимальный социальный стандарт по нормам/
нормативам

Размер нормы/норматива

1

Выплата денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 381 "Об утверждении Правил осуществления выплаты и размера денежных средств, выделяемых на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям"

Патронатные воспитатели

Питание за одного ребенка дошкольного возраста – 6 месячных расчетных показателей в месяц;
питание за одного ребенка школьного возраста;
– 7 месячных расчетных показателей в месяц;
одежда, обувь и мягкую инвентарь для одного ребенка – 3 месячных расчетных показателя в месяц

2

Выплата пособия опекунам или попечителям на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 383 "Об утверждении Правил назначения и размера выплаты пособия опекунам или попечителям на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей"

Опекуны или попечители

Пособие на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей – 10 месячных расчетных показателя в месяц

3

Единовременная денежная выплата в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2014 года № 787 "Об утверждении Правила назначения и возврата единовременной денежной выплаты в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей"

Усыновитель

Единовременная денежная выплата в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей – 75 месячных расчетных показателей

4

Выплата денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного приемным родителям

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 657 "Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 14538)

Приемные родители

Размер ежемесячной денежной выплаты в связи с передачей ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей, приемным родителям составляет десять месячных расчетных показателей