Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 04 ақпандағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 07 наурызда № 14876 болып тіркелді.

      "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 4 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
1-қосымша

Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:

      1) пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;

      2) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;

      3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      4) сотқа дейінгі пробация – сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу

      3. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу сотқа дейінгі баяндаманы жасау кезеңінде өткізіледі және зерттеу жүргізу тәртібін қатаң сақтай отырып, сұралатын адамдарға зерттеу мақсатын алдын ала түсіндірумен, зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілдерінде, күннің бірінші жартысында ерікті негізде жүзеге асырылады, бұл ретте сұрау ұзақтығы алпыс минуттан аспайды.

      4. Қойылған психологиялық зерттеудің мақсаттарына сәйкес күдіктінің, айыпталушының жеке тұлғасының құрылымындағы қызықтыратын факторлардың ара қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер пайдаланылады.

      5. Психодиагностикалық әдістемелердің мазмұны зерттелетін тұлғаның жынысына, жасына және білім деңгейіне бейімделеді, өйткені әдістемелердің мазмұны күдіктінің, айыпталушының барлық санаттарымен ұғынуын қамтамасыз ететіндей құрылуы қажет.

      6. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеуден өткізуді психологиялық немесе педагогикалық білімі бар адамдар жүзеге асырады.

      7. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын егжей-тегжейлі зерделеуді қамтамасыз ету үшін бірнеше өзара толықтырылатын әдістемелер қолданылады.

      8. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелерін өңдеу және талдауды зерттеу жүргізген маман жүзеге асырады.

      9. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі мынадай кезеңдерден:

      1) психологиялық-әлеуметтік тестілеуді дайындау және ұйымдастыру;

      2) биографиялық деректерді жинау;

      3) жеке бастың жеке-психологиялық ерекшеліктерін психологиялық диагностикалаудан тұрады.

      10. Психологиялық-әлеуметтік тестілеуді дайындау және ұйымдастыру зерттеу мақсаттары мен міндеттерін белгілеуді, пробация қызметінің өкілдерімен оны өткізу орны мен уақытын келісуді, зерттелетін адамның болуын қамтамасыз етуді қарастырады.

      11. Биографиялық деректерді жинау жеке басын қалыптастырудың негізгі кезеңдері, дамуы кезінде басынан өткізген дағдарыстары туралы түсінік береді. Осы кезеңде алынған мәліметтер айыпталушының қоғамдық қауіптілік дәрежесін түсіну және оның түзелуі мен қайта тәрбиелену болашағы үшін маңызды.

      12. Жеке-психологиялық ерекшеліктерін психологиялық диагностикалау бірнеше өзара толықтырылатын тестілік әдістемелерді және сауалнамаларды пайдалануды көздейді. Қолдануға негіздемесі бар психологиялық диагностиканың жобалық әдістерін қолдануға жол беріледі.

      13. Осы кезеңде жеке бастың мынадай жеке мінездемелерін зерделеуге бағытталған:

      1) психологиялық жай-күйі (қал-жағдайы, көңіл-күйі, белсенділігі, жұмысқа қабілеті, мазасыздығы,күйзеліске төзімділігі);

      2) зияткерлік дамуы;

      3) жеке басының өзгешеліктері (мінез ерекшеліктері, темпераменті);     

      4) құндылық бағыттары;

      5) топішілік қарым-қатынастары әдістемелер өткізіледі.

      14. Тұлғаны психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері зерттеу барысында алынған әдістемелер кешенін (тестік батарея) және басқа да мәліметтерді интерпретациялау негізінде жалпыланады.

      15. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижесі бойынша ұсынымдармен бірге психологиялық қорытынды ресімделеді.

      16. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының мазмұны сотқа дейінгі баяндаманың сипаттамалық бөлігінде Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінің қосымша сәйкес жазылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 4 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
2-қосымша

Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінде мынадай терминдер мен анықтамалар:

      1) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын (пенитенциарлық) қылмыстық-атқару жүйесінің органы;

      2) сотқа дейінгі пробация – сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;

      3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке ерекшеліктері туралы ақпарат пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау

      4. Сотқа дейінгі баяндама сотқа дейінгі пробация қолданатын адамға (күдіктіге, айыпталушыға) қатысты жасалады.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға қатысты пробация қызметінің қызметкері әзірлейтін сотқа дейінгі баяндама оның жеке басының ерекшеліктері, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау туралы сотқа хабар беру үшін күдікті, айыпталушы адам туралы материалдарды жинауды көздейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау, сондай-ақ пробация қызметінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан сұралатын мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпараттар негізінде дайындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау үшін пробация қызметі мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сотталғандығы туралы деректерді және жұмыс немесе оқу орнынан күдіктіні, айыпталушыны сипаттайтын мәліметтерді сұратады және пайдаланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды күдіктінің, айыпталушының тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сотқа дейінгі баяндама екі данада жасалады. Бірінші дана күдіктіге, айыпталушыға немесе оның адвокатына, заңды өкіліне сот қарауы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қол қоюмен беріледі, екінші дана күдіктінің, айыпталушының жинақтау ісіне тігіледі.

      10. Күдікті, айыпталушы сотқа дейінгі баяндаманы әзірлеуге қатысуға және сотқа дейінгі баяндамада көрсетілуі тиіс оның мазмұны бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.

      11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сотқа дейінгі баяндамада баяндалған ақпарат пробацияның барлық түрлеріне оның жаңаруын ескере отырып жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

  Сотқа дейінгі баяндаманы
дайындау әдістемесіне
қосымша
нысан

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кіріспе бөлігі _______________________________________________________________________
(сотқа дейінгі баяндаманы жасау уақыты, күні, орны)
_______________________________________________________________________
(cотқа дейінгі баяндаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні,
айы, жылы және туған жері)
_______________________________________________________________________
Сипаттау бөлігі
_______________________________________________________________________
(азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері,
соттылығының бар-жоғы, сипаттайтын деректер)
Әлеуметтік мінездеме
__________________________________________________________________
Өмір сүру жағдайлары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Отбасылық қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жұмыс (оқу) орны бойынша тағы әріптестермен қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Достарымен және таныстарымен қарым-қатынастары
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін бағалау
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қылмыстық өткені

Қылмыс жасағанға дейінгі мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін
факторлар
Оң факторлар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Теріс факторлар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар және күдіктіні, айыпталушыны қоғамға
қайта кіріктіру)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Ұсынымдық бөлігі

(адамға жазаны тағайындау және оны орындау кезінде пайдалануға ұсынылатын
міндеттер мен шектеулердің үлгі тізбесі)
Күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі баяндаманы пробация қызметінің бастығы
(аға инспекторы, инспекторы) жасады
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(пробация қызметінің атауы)
________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ж. "____" ____________
Таныстырылды қолы _________ (күдіктінің, айыпталушының аты-жөні)
қолы _________ (күдіктінің, айыпталушының заңды өкілінің аты-жөні)

Об утверждении Методики проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации и Методики подготовки досудебного доклада

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 февраля 2017 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 марта 2017 года № 14876.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О пробации", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Методику проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2) Методику подготовки досудебного доклада согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных пунктами 1), 2) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Бисенкулова Б.Б. и Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Базылбеков А.Х.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
К. Касымов

  Приложение 1
к приказу Министра внутренних
дел Республики Казахстан
от 4 февраля 2017 года № 90

Методика проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации

Глава 1.Общие положения

      1. Настоящая Методика проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации (далее - Методика) разработана в соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О пробации".

      2. В Методике, утвержденным указанным приказом используются следующие термины и определения:

      1) пробация – система видов деятельности и индивидуально определяемых мер контрольного и социально-правового характера, направленных на коррекцию поведения лиц, категории которых определены законом, для предупреждения совершения ими уголовных правонарушений;

      2) служба пробации – орган уголовно–исполнительной (пенитенциарной) системы, осуществляющий исполнительные и распорядительные функции по обеспечению исполнения уголовных наказаний без изоляции от общества, а также организации и функционированию пробации;

      3) досудебный доклад – информация о личностных особенностях подозреваемого, обвиняемого;

      4) досудебная пробация – деятельность и совокупность мер по подготовке досудебного доклада.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Проведение психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации

      3. Психосоциальное тестирование личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации проводится в период подготовки досудебного доклада и осуществляется на добровольной основе, при строгом соблюдении порядка проведения исследования, с предварительным разъяснением опрашиваемым лицам целей исследования, на государственном либо на русском языках по желанию обследуемого, предпочтительно в первой половине дня, при этом длительность опроса составляет не более шестидесяти минут.

      4. Используются методики, позволяющие оценить соотношение интересующих факторов в структуре личности подозреваемого, обвиняемого в соответствии с поставленными целями психологического исследования.

      5. Содержание психодиагностических методик адаптируется к полу, возрасту и уровню образования исследуемого лица, либо содержание методики должно быть построено таким образом, чтобы обеспечивало понимание его всеми категориями подозреваемых, обвиняемых.

      6. Проведение психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого осуществляется лицами, имеющими психологическое или педагогическое образование.

      7. Для обеспечения всестороннего изучения личности подозреваемого, обвиняемого используется несколько взаимодополняющих методик.

      8. Обработка и анализ результатов психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого осуществляются специалистом, проводившим исследование.

      9. Методика проведения психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации включает следующие этапы:

      1) подготовка и организация психосоциального тестирования;

      2) сбор биографических данных;

      3) психологическая диагностика индивидуально-психологических особенностей личности.

      10. Подготовка и организация психосоциального тестирования предполагает определение целей и задач исследования, согласование места и времени его проведения с представителями службы пробации, обеспечение явки обследуемых лиц.

      11. Сбор биографических данных дает представление об основных этапах формирования личности, перенесенных кризисах в развитии. Сведения, полученные на данном этапе важны для понимания степени общественной опасности обвиняемого и перспектив его исправления и перевоспитания.

      12. Психологическая диагностика индивидуально-психологических особенностей предусматривает использование нескольких взаимодополняющих тестовых методик и опросников. Допускается применение проективных методов психодиагностики с обоснованием их применения.

      13. На данном этапе проводятся методики, направленные на изучение следующих индивидуальных характеристик личности:

      1) психическое состояние (самочувствие, настроение, активность, работоспособность, тревожность, стрессоустойчивость);

      2) интеллектуальное развитие;

      3) свойства личности (особенности характера, темперамент);

      4) ценностные ориентации;

      5) внутригрупповые отношения.

      14. Результаты психосоциального тестирования личности обобщаются на основе интерпретаций комплекса методик (тестовой батареи) и других данных, полученных в ходе исследования.

      15. По итогам психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого на стадии досудебной пробации оформляется психологическое заключение в произвольной форме с рекомендациями.

      16. Содержание заключения по результатам психосоциального тестирования личности подозреваемого, обвиняемого излагается в описательной части досудебного доклада, согласно приложению к Методике подготовки досудебного доклада.

  Приложение 2
к приказу Министра внутренних
дел Республики Казахстан
от 4 февраля 2017 года № 90

Методика подготовки досудебного доклада

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика подготовки досудебного доклада (далее - Методика) разработана в соответствии с подпунктом 3 пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О пробации".

      2. В Методике подготовки досудебного доклада, утвержденного указанным приказом используются следующие термины и определения:

      1) служба пробации – орган уголовно–исполнительной (пенитенциарной) системы, осуществляющий исполнительные и распорядительные функции по обеспечению исполнения уголовных наказаний без изоляции от общества, а также организации и функционированию пробации;

      2) досудебная пробация – деятельность и совокупность мер по подготовке досудебного доклада;

      3) досудебный доклад – информация о личностных особенностях подозреваемого, обвиняемого.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Подготовка досудебного доклада

      4. Досудебный доклад подготавливается в отношении лица (подозреваемого, обвиняемого) к которому применяется досудебная пробация.

      5. Досудебный доклад, подготавливаемый сотрудником службы пробации на подозреваемого, обвиняемого лица, совершившего уголовное правонарушение, предполагает сбор материалов об обвиняемом, подозреваемом лице, для информирования суда о его личностных особенностях, оценки риска совершения им уголовных правонарушений.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Досудебный доклад на подозреваемого, обвиняемого лица, совершившего уголовное правонарушение подготавливается по форме, согласно приложению к настоящей Методике, по результатам оценки риска совершения ими уголовных правонарушений, а также на основании сведений, запрашиваемых службой пробации для осуществления своих полномочий, справок, характеристик, иной информации от юридических лиц с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о государственных секретах и иной охраняемой законом тайне.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Для подготовки досудебного доклада служба пробации запрашивает и использует информацию из государственных органов и иных организаций, сведения о судимости и сведения, характеризующие подозреваемого, обвиняемого с места работы или учебы.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Подготовка досудебного доклада, осуществляется службой пробации по месту жительства подозреваемого, обвиняемого.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Досудебный доклад подготавливается в двух экземплярах. Первый экземпляр выдается подозреваемому, обвиняемому либо его адвокату, законному представителю под роспись не позднее трех рабочих дней до начала судебного разбирательства, второй экземпляр приобщается в накопительное дело подозреваемого, обвиняемого.

      10. Подозреваемый, обвиняемый может участвовать в подготовке досудебного доклада и выражать свое мнение по его содержанию, которое отражается в досудебном докладе.

      11. В случае прекращения уголовного дела на стадии досудебного расследования служба пробации прекращает досудебную пробацию.

      Сноска. Пункт 11 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Информация, изложенная в досудебном докладе, используется при осуществлении всех видов пробации с учетом ее обновления.

  Приложение
к Методике подготовки
досудебного доклада
  Форма

      Сноска. Приложение – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.03.2022 № 148 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Досудебный доклад на подозреваемого, обвиняемого лица, совершившего уголовное правонарушение

      Вводная часть
________________________________________________________________________
(время, дата, место составления досудебного доклада)
________________________________________________________________________
(должность, фамилия и инициалы лица, составившего досудебный доклад)
________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), число, месяц, год и место рождения
подозреваемого, обвиняемого)
Описательная часть
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(гражданство, семейное положение, род занятий, образование, место жительство,
наличие судимости, характеризирующие данные)
Социальная характеристика
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Условия проживания

Отношения внутри семьи

Отношения с коллегами по месту работы (учеба)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Отношения с друзьями и знакомыми
Результаты психосоциального тестирования личности
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Оценка рисков совершения ими уголовных правонарушений
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Поведение подозреваемого, обвиняемого
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Преступное прошлое
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Поведение до совершения преступления
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Поведение после совершения преступления
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Факторы влияющие или которые могут повлиять на поведение подозреваемого, обвиняемого
Позитивные факторы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Негативные факторы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Мероприятия по управлению рисками и реинтеграции подозреваемого, обвиняемого в общество)
Рекомендательная часть
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(примерный перечень обязанностей и ограничений, которые рекомендуется
использовать при назначении лицу наказания и его исполнении)
Досудебный доклад на подозреваемого, обвиняемого составил начальник
(старший инспектор, инспектор) службы пробации
________________________________________
(наименование службы пробации)
______________________________________________________________________
(звание) (подпись) (фамилия, инициалы)
"____" ____________ 20___ г.
Ознакомлены:
подпись ______ (инициалы подозреваемого, обвиняемого)
подпись ______ (инициалы законного представителя подозреваемого, обвиняемого)