1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 239 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14423 тіркелген, 2016 жылғы 5 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы (бұдан әрі – КЖТҚҚ), "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бір реттік код – жеке тұлғаның сұрауы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен жасалатын және жеке тұлғаның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуына немесе сатуына рұқсат бергенде бір реттік пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей қатары;
2) веб-портал – жеке тұлғаға Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алудың немесе сатудың бірыңғай қол жеткізу орнын ұсынатын ақпараттық жүйе;
3) деректерді берудің электрондық жүйесі – ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (АТҚАЖ);
4) жеке тұлғаны сәйкестендіру – жеке тұлғаның шот және (немесе) электрондық әмиянды ашу құқығын нақты растау мақсатында жеке тұлғаның нағыз өзі екенін айқындау рәсімі және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен мәмілелер жасасу;
5) көп реттік код – жеке тұлғаның сұрауы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен жасалатын және жеке тұлғаға Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға немесе сатуға рұқсат берілген кезде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде көп рет пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей қатары;
6) кірістілік мөлшерлемесі – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру немесе құнын төлеп алу бағасын есептеу үшін пайдаланылатын жеке тұлғалардан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатуға немесе құнын төлеп алуға жасалатын мәмілелердің параметрі;
7) қадағалау бөлімшесі – Ұлттық Банктің бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуге жауапты бөлімшесі;
8) Орталық – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруға және орналастыруға жауапты Ұлттық Банктің бөлімшесі;
10) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын құнын төлеп алу – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарының айналыс мерзімі аяқталғанға дейін оларды бағалы қағаздардың қайталама нарығында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын одан әрі сату мүмкіндігімен Ұлттық Банктің оларды ұстаушы болып табылатын жеке тұлғадан сатып алуы;
11) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды өтеу – эмитенттердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарының (бұдан кейін сату мақсатынсыз) номиналды құнын электрондық ақшамен төлеу жолымен орналастырылған қысқа мерзімді ноталарын айналыстан алу бойынша әрекеттері;
12) шот – орталық депозитарий Ұлттық Банкке және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесінде жеке тұлғаға ашылған Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын есепке алуға арналған шот;
13) электрондық әмиян – микропроцессор (чип), дербес компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуі, операторы Орталық болатын және (немесе) оларға рұқсатты қамтамасыз ететін электрондық ақша жүйесінде пайдаланылатын электрондық ақша сақталатын өзге бағдарламалық-техникалық қаражат;
14) электрондық қосымша – мобильді телефондарда және өзге құрылғыларда не веб-порталдарда Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу немесе сату қызметін жеке тұлғаларға ұсынуға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару үшін Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті олардың түрін, айналыс мерзімін, өтеу күнін, орналастыру көлемін және кірістілік мөлшерлемесін қоса, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу талаптарын анықтау бойынша ұсынымды әзірлейді.
9. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастырудың басталған күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей берген уәкілетті бөлімшенің өтінімі негізінде қадағалау бөлімшесі Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарының шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.";
18-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында орталық депозитарийге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және өзге үшінші тұлғаларға жеке тұлғаның дербес деректерін жинауға, өңдеуге және жариялауға келісу туралы белгі.";
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін мыналар пайдаланылады:
1) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы;
2) немесе Орталық және орталық депозитарий ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалар жүйесінің атауы);
3) немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке тұлғаға ашылған қосалқы шоттың нөмірі;
4) немесе Қағидалардың 18-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-та бар мәліметтер;
5) немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жеке тұлғаны сәйкестендіру тәсілдері.
20. Орталық депозитарий шот және (немесе) электрондық әмиян ашуға өтінімді алған кезде клиентті КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес тиісті тексеруін жүзеге асырады.";
26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен мәмілелер жасау үшін жеке тұлға электрондық қосымша арқылы Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға немесе сатуға өтінімді жібереді, онда Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға немесе құнын төлеп алуға мәлімденген саны көрсетіледі.
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен мәмілелер жасау кезінде жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін бір реттік немесе көп реттік код пайдаланылады.
27. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға жеке тұлғаның өтінімін алған кезде орталық депозитарий операторы Орталық болып табылатын электрондық ақша жүйесіне жеке тұлғаның электрондық әмиянынан Ұлттық Банктің электрондық әмиянына Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу сомасына электрондық ақшаны аудару туралы нұсқауды жібереді.
Жеке тұлғаның электрондық әмиянында электрондық ақша жеткілікті болған жағдайда Орталық жеке тұлғаның электрондық әмиянынан Ұлттық Банктің электрондық әмиянына Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу сомасына электрондық ақша аударады.
28. Ұлттық Банктің электрондық әмиянына Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға жеке тұлғаның электрондық ақшасының жеткілікті сомасы түскенде орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу-сату мәмілелерін тіркейді және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын Ұлттық Банктің шотынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға жеке тұлғаның өтінімінде көрсетілген мөлшерде есептен шығарады және оларды жеке тұлғаның шотына есепке жазады.
29. Жеке тұлғаның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатуға өтінімін алғанда және бас тарту үшін Қағидалардың 31-тармағымен белгіленген негіздер болмағанда, орталық депозитарий Ұлттық Банктің электрондық әмиянынан жеке тұлғаның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу бағасына тең сомадағы және (немесе) орталық депозитарийдің электрондық әмиянынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша кіріс сомасына тең сомадағы электрондық ақшаны жеке тұлғаның электрондық әмиянына аударуға Орталыққа нұсқауды жібереді.
30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген электрондық ақшаны аудару туралы нұсқауды алғанда, Орталық Ұлттық Банктің электрондық әмиянынан жеке тұлғаның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу бағасына тең сомадағы және (немесе) орталық депозитарийдің электрондық әмиянынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша кіріс сомасына тең сомадағы электрондық ақшаны жеке тұлғаның электрондық әмиянына аударады.
Ұлттық Банктің және (немесе) орталық депозитарийдің электрондық әмияндарынан Орталық жеке тұлғаның электрондық әмиянына электрондық ақшаны аударғаннан кейін, орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын жеке тұлғаның шотынан Ұлттық Банктің шотына аударады.
31. Орталық депозитарий мына негіздердің бірі бойынша:
1) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу үшін жеке тұлғаның электрондық әмиянында электрондық ақша жеткілікті болмағанда немесе жеке тұлғаның шотында сату үшін Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары жеткілікті мөлшерде болмағанда;
2) егер Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу немесе сатуға жеке тұлғаның өтінімінде көрсетілген жеке тұлғаның шотын және (немесе) жеке тұлғаның электрондық әмияны бұғатталған болса;
3) жеке тұлғаға тиесілі және жеке тұлғаның шотындағы Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына ауыртпалық салынған жағдайда;
4) КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабында көзделген негіздер бойынша;
5) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу немесе сатуға жеке тұлғаның өтінімін қанағаттандырудан бас тартады.
32. Осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу немесе сатуға өтінімін орындаудан бас тартуға негіздеме болғанда, орталық депозитарий бас тарту себептерін көрсетумен жеке тұлғаға хабарлама жібереді.".
37, 38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Орталық депозитарий өтеу күні Алматы қаласы бойынша сағат 14.00-ден кешіктірмей орталық депозитарий Ұлттық Банктің электрондық әмиянынан жеке тұлғаның Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу бағасына тең сомадағы және орталық депозитарийдің электрондық әмиянынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша кіріс сомасына тең сомадағы электрондық ақшаны жеке тұлғаның электрондық әмиянына аударуға Орталыққа нұсқауды жібереді.
38. Орталық Қағидалардың 37-тармағына сәйкес орталық депозитарийден алған электрондық ақшаны аудару туралы нұсқауға сәйкес Ұлттық Банктің және орталық депозитарийдің электрондық әмияндарынан жеке тұлғаның электрондық әмиянына электрондық ақшаны аударады.
39. Орталық Ұлттық Банктің және орталық депозитарийдің электрондық әмияндарынан жеке тұлғаның электрондық әмиянына электрондық ақшаны аударғаннан кейін, орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу мақсатында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын жеке тұлғаның шотынан есептен шығарады.".
Қағидаларға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру, сату, құнын төлеп алу бағасын айқындау әдістемесі
Ұлттық Банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноталарын орналастыру, сату, құнын төлеп алу бағасын Ұлттық Банк мына формула бойынша айқындайды:P=Pн/(1+(Ү/365*(Т/100)))
мұнда:
Рн – номиналды құны
P – қысқа мерзімді ноталарын орналастыру/құнын төлеп алу бағасы;
Y – кірістілік мөлшерлемесі, оның мөлшері Ұлттық Банктің консультативтік-кеңесші органы – Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің ұсыну күні айқындалады және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарының айналыс мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады;
T – өтеуге дейін күндердің саны.