2016 - 2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14993 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында 2016-2017 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленсін:

      1) Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы - 2017 жылғы 25 мамыр;

      2) 9 (10) сыныптың білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2017 жылғы 30 мамыр - 9 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2017 жылғы 29 мамыр - 1 шілде.

      2. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 125 бұйрық) бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес тапсырады.

      9 (10) сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай нысандарда және мерзімдерде тапсырады:

      1) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан – 2017 жылғы 30 мамыр;

      2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан - 2017 жылғы 3 маусым;

      3) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант) – 2017 жылғы 6 маусым;

      4) математикадан жазбаша емтихан - 2017 жылғы 9 маусым.

      11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай нысандарда және мерзімдерде тапсырады.

      1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан – 2017 жылғы 29 мамыр;

      2) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу – 2017 жылғы 2 маусым;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу - 2017 жылғы 2 маусым;

      4) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан - 2017 жылғы 6 маусым;

      5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2017 жылғы 9 маусым;

      3. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша 2017 жылғы 10 маусым – 1 шілде аралығында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық мамандандырылған жалпы білім беру ұйымдары:

      1) 2016 - 2017 оқу жылын осы бұйрықтың және № 125 бұйрықтың талаптарына сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін;

      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырсын;

      3) 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушыларының мектепті 2017 жылғы 1 шілдеде бітіруін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (Р.С. Әлімқұлов) бірлесіп, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындауды және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, сондай-ақ республикалық мамандандырылған орта білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптары білім алушылары үшін 2017 жылғы 23 мамырға дейін жеткізуді ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

О завершении 2016-2017 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 128. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 апреля 2017 года № 14993.

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", а также в целях организованного завершения 2016-2017 учебного года в организациях образования, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие сроки завершения учебного года:

      1) учебные занятия в организациях среднего образования независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности - 25 мая 2017 года;

      2) итоговые выпускные экзамены 9 (10) классов - с 30 мая по 9 июня 2017 года, государственные выпускные экзамены - с 29 мая по 1 июля 2017 года.

      2. Обучающиеся 9 (10) и 11 (12) классов сдают итоговую аттестацию в соответствии с Типовыми правилами проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5191) (далее – приказ № 125).

      Итоговая аттестация для обучающихся 9 (10) классов проводится в следующих формах и в следующие сроки:

      1) устный экзамен по предмету по выбору (физика, химия, биология, география, геометрия, история Казахстана, всемирная история, литература, иностранный язык (английский, французский, немецкий), информатика) – 30 мая 2017 года;

      2) устный экзамен по казахскому языку в школах с русским, узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения и устный экзамен по русскому языку в школах с казахским языком обучения – 3 июня 2017 года;

      3) письменный экзамен по родному языку и литературе (по языку обучения) (сочинение – для обучающихся школ с углубленным изучением предметов гуманитарного цикла, диктант – для остальных) – 6 июня 2017 года;

      4) письменный экзамен по математике – 9 июня 2017 года.

      Итоговая аттестация для обучающихся 11 (12) классов проводится в следующих формах и в следующие сроки:

      1) письменный экзамен по родному языку и литературе (язык обучения) в форме эссе – 29 мая 2017 года;

      2) тестирование по предмету по выбору (физика, химия, биология, география, геометрия, всемирная история, литература, иностранный язык (английский, французский, немецкий), информатика) – 2 июня 2017 года;

      3) тестирование по казахскому языку в школах с русским, узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения и тестирование по русскому языку в школах с казахским языком обучения – 2 июня 2017 года;

      4) письменный экзамен по алгебре и началам анализа – 6 июня 2017 года;

      5) устный экзамен по истории Казахстана – 9 июня 2017 года.

      3. Обучающиеся 9 (10) и 11 (12) классов при получении неудовлетворительных оценок по одному или двум предметам допускаются к прохождению в школе повторной итоговой аттестации по данным учебным предметам с 10 июня по 1 июля 2017 года.

      4. Управлениям образования областей, городов Астана и Алматы, республиканским организациям среднего образования:

      1) обеспечить завершение 2016-2017 учебного года в соответствии с требованиями настоящего приказа и приказа № 125;

      2) организовать участие обучающихся в едином национальном тестировании;

      3) обеспечить выпуск обучающихся 9 (10), 11 (12) классов 1 июля 2017 года.

      5. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Жонтаева Ж.А.) совместно с республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Национальный центр тестирования" (Алимкулов Р.С.) организовать подготовку и доставку пакетов экзаменационных заданий для обучающихся 11 (12) классов до управлений образования областей, городов Астана и Алматы, а также для обучающихся 9 (10), 11 (12) классов республиканских организаций среднего образования до 23 мая 2017 года.

      6. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление копий настоящего приказа в периодические печатные издания для официального опубликования, а также в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      7. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      8. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      
      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев