Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 05.04.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 353 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 206 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының, ведомстволары мен аумақтық бөліністерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) жұмысын бағалау алгоритмін айқындайды.
2. "Б" корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы тұлға болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жұмыс жоспары) орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, кадр қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы немесе мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру нәтижелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде кадр қызметінің қызметкері болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей құрастырылады.
11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жұмыс жоспары екі данада құрастырылады. Бір дана кадр қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлініс басшысында болады.
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Кадр қызметі Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Кадр қызметі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінің орталық аппаратымен, ведомстволарымен және аумақтық бөліністерімен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппарапты, ведомстволары және аумақтық бөліністері басшылығының, тікелей басшысының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналым қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде кадр қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы кадр, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусының қызметшісі қол қояды.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:
– тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады:
80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық",
106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді",
130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.
5-тарау. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жұмыс жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жұмыстың жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.
32. Кадр қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,
"тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
"өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық";
4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді";
5 балл – "өте жақсы" қойылады.
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын (бұдан әрі - хаттама) тапсырады.
35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен Комиссия отырысы аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ қол қойылған хаттама персоналды басқару қызметінде сақталады.
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, ведомстволары және аумақтық бөліністері екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолдайды.
40. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотқа жүгіну тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
41. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту (біліктілігін арттыру) бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
42. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
43. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде оқытуға (біліктілігін арттыруға) жіберіледі.
44. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
45. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
46. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
_____________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлінісінің атауы:_________________________
__________________________________________________________________
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштер* | Күтілетін нәтижелер |
1. | Мақсаттық көрсеткіш 1 | |
2. | Мақсаттық көрсеткіш 2 | |
3. | Мақсаттық көрсеткіш 3 | |
4. | … |
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ведомстволары мен аумақтық бөліністерінің стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау парағы
_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы |
Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
Нысан
Жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау парағы
______________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
____________________________________________________________________
Жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы
№ | Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | Маңызы | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескерту | ||
1. | 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||||
2. | 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||||
3. | 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||||
4. | … | ||||||
|
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша |
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Комиссияның ұсыныстары | Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда |
1. | ||||
2. | ||||
… |
Комиссия қорытындысы: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссияның хатшысы: _____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)
Комиссияның төрағасы: _____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)