"Cот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10290 тіркеліп, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 483 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Сот сарапшылар Палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар (бұдан әрі – сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.11.2017 № 1494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), прокурорларды, нотариустарды және процеске өзге де қатысушыларды сот сарапшылары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2-тарау. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік тізілімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) қалыптастырады және жүргізеді.
5. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру және жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз етуді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК (бұдан әрі – Орталық) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсына отырып, жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік тізілімге енгізуге (алынып тастауға) жататын сот сарапшылары туралы мәліметтерді Орталық пен Комиссия сот сарапшысы біліктілігін беру туралы шешім қабылдағаннан, аттестаттаудан өткеннен, сот сараптамасы органдарына жұмысқа қабылданғаннан және жұмыстан босатылғаннан кейін не сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны бергеннен, тоқтатып қойғаннан, қайта жаңғыртқаннан, әрекеті тоқтатылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
7. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.11.2017 № 1494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен8. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Департаментке келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.
9. Мемлекеттік тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда жүргізіледі.
10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда Орталық пен Комиссия тиісті ақпаратты Департаментке мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электрондық түрде бір данада, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Департамент осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
11. Мемлекеттік тізілім электрондық нұсқада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарына орналастырылады.
3-тарау. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі
12. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті жүргізуші орган (лауазымды адам), сот, прокурор, нотариус, процеске өзге де қатысушылар Мемлекеттік тізілімге енгізілген сот сарапшылары туралы мәліметтерді пайдаланады.
13. Қажет болған жағдайда қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті жүргізуші орган (лауазымды адам), сот, прокурор, нотариус, процеске өзге де қатысушылар Департаменттің мекенжайына сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсыну туралы жазбаша түрдегі сұрауды ресімдейді.
14. Департамент жазбаша түрдегі сұрау келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні ұсынады.
15. Аталған үзінді, сұрауды ресімдеген қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті жүргізуші органның (лауазымды адамның), соттың, прокурордың, нотариустың және процеске өзге қатысушылардың мекенжайына жолданады.
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларына қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.11.2017 № 1494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы |
Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасыныңбелгілі бір түрін жүргізу құқығына | Аттестат-таудан өткен күні | Сот сараптамалары органдары қызметкерлерініңжұмыс орны және атқаратын лауазымы | Еске-ртпе |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |