"Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15142 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын:

      "15-2. Банктер және банк қызметі туралы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.";

      мынадай мазмұндағы 68-2-тармақпен толықтырылсын:

      "68-2. Банктер және банк қызметі туралы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 28 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Дәленов

      2017 жылғы 28 сәуір

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 51 "Об утверждении Правил государственной регистрации судна, в том числе маломерного судна, и прав на него"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2017 года № 245. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2017 года № 15142

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 51 "Об утверждении Правил государственной регистрации судна, в том числе маломерного судна, и прав на него" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10400, опубликованный 17 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие дополнения:

      в Правилах государственной регистрации судна, в том числе маломерного судна, и прав на него, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 15-2 следующего содержания:

      "15-2. При проведении операции, предусмотренной подпунктом 11) пункта 2 статьи 5-1, статьей 61-4 Закона о банках и банковской деятельности, к заявлению о государственной регистрации судна и прав на него должны быть приложены следующие документы:

      1) нотариально засвидетельствованные копии договора об одновременной передаче активов и обязательств, договора, предусматривающего приобретение организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, активов и прав требований (с приложением передаточного акта или выписки из него), договора, содержащего условие об уступке права (требования);

      2) документ, подтверждающий уплату в бюджет суммы сбора за государственную регистрацию транспортных средств.";

      дополнить пунктом 68-2 следующего содержания:

      "68-2. При проведении операции, предусмотренной подпунктом 11) пункта 2 статьи 5-1, статьей 61-4 Закона о банках и банковской деятельности, к заявлению о государственной регистрации маломерного судна и прав на него должны быть приложены следующие документы:

      1) нотариально засвидетельствованные копии договора об одновременной передаче активов и обязательств, договора, предусматривающего приобретение организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, активов и прав требований (с приложением передаточного акта или выписки из него), договора, содержащего условие об уступке права (требования);

      2) документ, подтверждающий уплату в бюджет суммы сбора за государственную регистрацию транспортных средств.".

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      
      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
______________ Д. Абаев
28 апреля 2017 года

"СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
______________ Т. Сулейменов
"__" ______________ 2017 года

"СОГЛАСОВАН"
Исполняющий обязанности
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
______________ Р. Даленов
28 апреля 2017 года