"Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15157 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген және 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 35-2-тармақпен толықтырылсын:

      "35-2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________ Қ. Әбдірахманов
2017 жылғы "____" _____________

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
______________ М. Тілеуберді
2017 жылғы 27 сәуір

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 27 сәуір



О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 "Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2017 года № 241. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2017 года № 15157.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 165 "Об утверждении Правил государственной регистрации судов и прав на них" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11125, опубликованный 18 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее дополнение:
      в Правилах государственной регистрации судов и прав на них, утвержденных указанным приказом:
      дополнить пунктом 35-2 следующего содержания:
      "35-2. Ипотека судна или строящегося судна регистрируется на основании заявления залогодержателя в случае осуществления операции в порядке, предусмотренном статьей 61-4 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", а также при передаче банками второго уровня и иными юридическими лицами активов и прав (требований) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня.
      В случае, предусмотренном частью первой настоящего пункта, к заявлению о государственной регистрации ипотеки судна или строящегося судна прилагаются нотариально засвидетельствованные копии договора об одновременной передаче активов и обязательств, договора, предусматривающего приобретение организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, активов и прав требований (с приложением передаточного акта или выписки из него), договора, содержащего условие об уступке права требования.".
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр иностранных дел
Республики Казахстан
_____________________ К. Абдрахманов
"____" _____________ 2017 года
      "СОГЛАСОВАН"
Исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
_____________________ М. Тлеуберди
27 апреля 2017 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_____________________ Т. Сулейменов
      27 апреля 2017 года