2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді, сондай-ақ осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 5 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілді |
Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
р/с | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің , оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Ақмола облысы | 31 512 583 | 23 454 815 | 33 093 221 | 25 035 453 | 33 902 690 | 25 844 922 |
2 | Ақтөбе облысы | 29 176 683 | 20 273 544 | 30 909 900 | 22 006 761 | 31 719 868 | 22 816 729 |
3 | Алматы облысы | 58 794 377 | 56 862 406 | 62 120 127 | 60 188 156 | 63 657 927 | 61 725 956 |
4 | Атырау облысы | 38 869 501 | 36 869 501 | 41 069 887 | 39 069 887 | 43 146 072 | 41 146 072 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 49 552 770 | 41 492 209 | 51 510 819 | 43 450 258 | 52 362 420 | 44 301 859 |
6 | Жамбыл облысы | 38 512 126 | 35 512 126 | 40 540 699 | 37 540 699 | 41 575 602 | 38 575 602 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 22 640 792 | 21 004 985 | 23 815 984 | 22 180 177 | 24 445 572 | 22 809 765 |
8 | Қарағанды облысы | 43 803 732 | 42 915 883 | 47 549 243 | 46 661 394 | 48 206 671 | 47 318 822 |
9 | Қызылорда облысы | 34 335 372 | 28 112 375 | 35 845 858 | 29 622 861 | 36 402 390 | 30 179 393 |
10 | Қостанай облысы | 32 568 210 | 29 952 638 | 33 862 356 | 31 246 784 | 34 507 611 | 31 892 039 |
11 | Маңғыстау облысы | 26 768 639 | 24 144 681 | 28 337 738 | 25 713 780 | 30 043 530 | 27 419 572 |
12 | Павлодар облысы | 29 024 818 | 27 864 818 | 30 336 472 | 29 176 472 | 30 974 376 | 29 814 376 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 25 234 071 | 16 432 095 | 26 225 490 | 17 423 514 | 26 661 750 | 17 859 775 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 95 273 907 | 93 623 907 | 100 738 321 | 99 088 321 | 103 521 865 | 101 871 865 |
15 | Алматы қаласы | 71 705 176 | 68 822 493 | 76 871 618 | 73 988 935 | 81 311 462 | 78 428 779 |
16 | Астана қаласы | 46 422 906 | 44 722 906 | 48 894 597 | 47 194 597 | 52 775 240 | 51 075 240 |
Жиыны: | 674 195 663 | 612 061 383 | 711 722 330 | 649 588 049 | 735 215 047 | 673 080 766 |
---|
Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар