1. "2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 1064 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14563 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағалары:
643, 644, 645, 646-реттік нөмірлер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
643 | L01CA01 | Винбластин | ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 5мг | құты | 832,33 |
644 | L01CA02 | Винкристин | вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 0,5мг/мл, 2мл | ампула | 770,34 |
645 | B05D | Глюкозасы бар физионил 40 | глюкозасы бар перитонеальді диализге арналған ерітінді, 2,27% 2000 мл | контейнер | 5750,00 |
646 | B05D | Глюкозасы бар физионил 40 | глюкозасы бар перитонеальді диализге арналған ерітінді 1,36% 2000 мл | контейнер | 5750,00 |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |