"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 ақпанда жарияланған,) мынандай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Шұғыл эвакуациялық, жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейінгі, экипаж құрамы екі ауысыммен жұмыс жасайтын және жағалауда жүзуді жүзеге асыратын кемелердің экипажының ең аз құрамына капитан және аға механик кіреді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. "Aut" рәмізімен мұз сыныпты авариялық-құтқару буксирларында кеме экипажының ең аз құрамына вахталық капитанның көмекшісі және вахталық механик тиісінше электромеханикпен және екінші механикпен аустырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |