Музей дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 15326 болып тіркелді.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2022 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Музей дерекқорын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 13 маусымдағы
  № 176 бұйрығымен бекітілген

Музей дерекқорын жүргізу қағидалары

Тарау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Музей дерекқорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) музей дерекқорын жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      музей дерекқоры (бұдан әрі - дерекқор) – музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы.

Тарау 2. Дерекқорды жүргізу тәртібі

      3. Дерекқор музейлермен автоматтандырылған жүйені пайдалану арқылы электронды түрде жүргізіледі.

      4. Дерекқор музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) оған енгізу арқылы қалыптастырылады.

      5. Мәліметтер "Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12822 тіркелген) бойынша жүргізілетін музей заттары мен музей коллекцияларын тұрақты немесе уақытша пайдалануға қабылдау актісі, музей заттары мен музей коллекцияларын тұрақты немесе уақытша пайдалануға тапсыру актісі, тұрақты пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабы, тұрақты пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабы, уақытша пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу кітабы, уақытша пайдалануға тапсыру актілерін тіркеу кітабы, кітаптардың тізімдемесі, музей заттары мен музей коллекцияларының есептік түгендеу кітабы, түгендеу карточкасына сәйкес әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы деректерден тұрады.

      6. Мәліметтер Бұйрыққа сәйкес іске асырылатын музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, пайдалану және есептен шығару қорытындылары бойынша жүйелі түрде енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2022 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Музейлер дерекқорға енгізілген мәліметтердің толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

Об утверждении Правил ведения базы данных музея

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 июня 2017 года № 176. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2017 года № 15326.

      В соответствии с подпунктом 20-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 30.12.2022 № 401 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения базы данных музея.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.

      4) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после истечения десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы

  Утверждены
приказом Министра культуры
и спорта Республики Казахстан
от 13 июня 2017 года № 176

Правила ведения базы данных музея

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения базы данных музея (далее – Правила) определяют порядок ведения базы данных музея.

      2. В настоящих Правилах используется следующее основное понятие:

      база данных музея (далее – база данных) – совокупность сведений о каждом музейном предмете и музейной коллекции, входящих в собрание музея и включенных в музейный фонд Республики Казахстан, обеспечивающих государственный учет музейных предметов и музейных коллекций;

Глава 2. Порядок ведения базы данных

      3. База данных ведется музеями в электронном виде с применением автоматизированной cистемы.

      4. База данных формируется путем внесения в нее сведений о каждом музейном предмете и музейной коллекции, входящих в собрание музея и включенных в государственный музейный фонд Республики Казахстан (далее – сведения), изменения и исключения из нее сведений.

      5. Сведения включают в себя данные о каждом музейном предмете и музейной коллекции согласно актам приема музейных предметов и музейных коллекций в постоянное или во временное пользование, актам выдачи музейных предметов и музейных коллекций в постоянное или во временное пользование, книге регистрации актов приема в постоянное пользование, книге регистрации актов выдачи в постоянное пользование, книге регистрации актов приема во временное пользование, книге регистрации актов выдачи во временное пользование, описи книг, инвентарной книге учета музейных предметов и музейных коллекций, инвентарной карточке, которые ведутся в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 372 "Об утверждении Инструкции по учету, хранению, использованию и списанию музейных предметов музейного фонда Республики Казахстан", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12822) (далее – Приказ).

      6. Сведения вносятся на регулярной основе по результатам учета, использования и списания музейных предметов и музейных коллекций, осуществляемых в соответствии с Приказом.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 30.12.2022 № 401 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Музеи обеспечивают полноту и достоверность сведений, внесенных в базу данных.